Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Кеміргіштерге жол жоқ!»

Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы адамдар арасында зооантропонозды инфекциялардың алдын алу және дератизациялық іс-шаралардың сапасын арттыру  мақсатында, 2018 жылға арналған Павлодар облысы аумағында кеміргіштерге қарсы күрес бойынша іс-шараларды іске асыру жөніндегі жол картасына сәйкес, барлық меншік түрлері ұйымдарының жыл бойы және жаппай профилактикалық дератизация кезеңінде кеміргіштерге қарсы бір мезетте жою іс-шараларын жүргізу қажеттігі туралы 148 ұсыным хат жолданылды.

«Кеміргіштерге жол жоқ!» науқаны барысында әлеуметтік-маңызды объектілерде ««Кеміргіштерге жол жоқ!» ақпараттық-түсіндірме бүктемелері мен жадынамалары таратылды және профилактикалық дератизация және аса қауіпті инфекциялар  мәселелері жөнінде халықтың ақпарат етілуін зерделеу үшін сауалнама жүргізілді.

Науқан нәтижелері бойынша Екібастұз аймағының тұрғындары осындай іс-шараларды өткізу қажеттігі туралы оң пікірлерін білдірді. Өткізілген науқан көптеген адамдардың назарын аудартты, аса қауіпті инфекциялардың алдын алу және кеміргіштермен күресу бойынша халық сауаттылығы деңгейін арттырды.

 

 

Бас маман                                 А. Жимайлова