Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Сау болу – сәнді!»

Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған «Сау болу – сәнді!» ұлттық бағдарламасының шеңберінде іс – шаралар жоспарына сәйкес, түрлі іс-шаралар: денсаулық сақтау саласы, қоғамдық тамақтану, коммуналдық және өнеркәсіптік объектілер басшылары мен өкілдерінің қатысуымен «Дұрыс тамақтануды насихаттау», «Дене белсенділігі», «Темекі тартудан бас тарту» атты тақырыптарында дөңгелек үстелдер мен семинарлар, сондай-ақ «Қозғалыс – бұл өмір!» ұранымен спорттық-сауықтыру акциялары, эстафеталар ұйымдастырды.

«Сау болу – сәнді!» акциясы барысында әлеуметтік-маңызды объектілерде салауатты өмір салты жөнінде ақпараттық-түсіндірме бүктемелер мен жадынамалар таратылды және аурулар, оны алдын алудың және тәуекелдің мінез-құлықтық факторлары мәселелері бойынша ақпарат етілуін зерделеу үшін  халықтың түрлі қабаты арасында сауалнамалар өткізілді.

Акция нәтижесі бойынша Екібастұз аймағының тұрғындары халық арасында осындай іс-шараларды жүргізу қажеттігі туралы оң пікірлерін білдірді. Өткізілген акциялар көптеген адамдардың назарын аудартты, аурулар мен тәуекелдің мінез-құлықтық факторлары туралы ақпарат етілу деңгейін артты және өз денсаулығына деген қатынасты өзгерту қажет екендігін көрсетті.

 

Бас маман                                                                  Самал Асылханова