Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала әкімінің МАЭС-2 жұмыскерлерімен кездесуі

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Екібастұз қаласының әкімі Қ.Т.Нүкенов «Нұр Отан» партиясы Екібастұз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Н.Макраевпен, Мемкорпорация басшысы К.Е.Абдуалиевпен «Кедергісіз қызмет» жобасы аясында МАЭС-2 станциясында болды. Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет алуда «Электрондық Үкімет» порталының басымдылығы туралы түсіндірілді. Енді кәсіпорын қызметкерлері жұмыс орнынан шықпай-ақ мемлекеттік қызмет алуға өтінішті (мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы, тіркелген құқықтар туралы, сотталмағандығы туралы, зейнетақы жарналары туралы, некеге тұру туралы және басқа) электронды түрде бере алады.