Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жетiм балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» № 126-V Заңымен Қазақстан Республикасының  1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) өзгерістер енгізілді, соған сәйкес, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ жетiм балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа дейін ата - анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған (осындай тұлғаларды әскери қызметке шақырған жағдайда жасы мерзімді әскери қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады) балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді бірінші кезекте алуға құқығы бар.

Заңның 71-бабымен жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар білім беру ұйымына, медициналық немесе басқа да ұйымға келіп түскен күннен бастап немесе осындай балаларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген күннен бастап не патронат тәрбиешімен шарт жасасқан күннен бастап алты ай ішінде баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қоюға міндеттілігі белгіленген.

         Осы Заңмен белгіленген тәртіпте тұрғын үйге мұқтаж деп танылған әрі тұрғын үй алу үшін есепке қойылған жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есептен алуға жатпайтынын айта кеткен жөн. 

         Сондай-ақ, Заңға Қазақстан Республикасының  2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңына сәйкес жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау саласында толықтырулар енгізілді, яғни мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй азаматтар үшiн мынадай жағдайларда:

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде не Қазақстан Республикасының қатысуымен одан тыс жерлерде құрылған қарулы күштер құрамында әскери қызметтен өткенде - қызмет мерзiмi iшiнде;

еңбек шарты бойынша немесе сайланбалы қызметке сайлануына байланысты жұмысқа кеткенде - бүкiл жұмыс iстеген уақыты iшiнде;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген негiздер бойынша шетелге кеткенде - шетелде болған уақыты iшiнде;

оқуға кеткенде - оқу уақыты iшiнде;

         балаларды балалар мекемесiне тәрбиелеуге орналастырғанда - олардың осы мекемеде болған бүкiл уақыты iшiнде, туысқандарының немесе қорғаншысының (қамқоршысының) қолында - балалар кәмелетке толғанға дейiн;

қорғаншы (қамқоршы) мiндеттерiн орындауға байланысты кеткенде - бұл мiндеттердi тоқтатқанға дейiнгi барлық уақытта;

емделуге кеткенде - емделуде болған уақыты iшiнде;

қамауда болған не бас бостандығынан айыруға сотталған немесе сол жерде тұру мүмкiндiгiнен айыратын өзге де жазалау шаралары кезiнде - қамауда болған немесе жазасын өтеген мерзiмi iшiнде сақталады. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге құқығынан айыру бұл жағдайда сот үкiмiмен көзделуi мүмкiн.

Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдалану құқығы онда болмаған адамдарға осы бапта көрсетiлген мерзiмдер аяқталған күннен бастап алты ай бойы сақталады.

 

 

 

Екібастұз қаласы әкімі аппараты

    мемлекеттік – құқық бөлімі

басшысының міндетін атқарушы                                        Қ. Әдиев