Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі амал

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында XXI ғасырдағы жаһандық сын қатерлерге алдын ала аса көрегендікпен жауап беріп отыр. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Жолдауы – Қазақстанның жаңаша дамуына жол сілтеп, бағыт –бағдар берген маңызды құжат. Бұл Жолдаудың мәні ерекше. Себебі Жолдау жаңа әлемге; яғни төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделумен жетістікке жету жолын табу үшін он міндетті айқындап отыр. Соның ішінде тоғызыншы міндетте жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі туралы айтылған.

         Елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында бұл дерттің себептері мен алғы шарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет. Ел басымыз Жолдауда мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым - қатынасын цифрландыру маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда Екібастұз қаласында «E-қызмет» персоналды басқару электрондық ақпараттық жүйесі жұмыс атқаруда. Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметшілері осы жүйе бойынша өздерінің қызметі бойынша барлық мәліметтерді алып жүр.

         Тағы да маңызды мәселенің бірі – мемлекеттік сатып алу саласы. 2017 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу порталында департаменттің 215 келісім шарты тіркеліп, олар бойынша жеткізілген товарларға және қызметтерге қаржы бөлініп, толық игерілген.

          Сонымен қатар департаментте өзекті мәселелердің бірі қызметкерлердің заңдылықты және қызметтік тәртіпті сақтауы. Осы бағытта алдын алу жұмыстарын күшейту бойынша бірқатар шаралар ұйымдастырылған еді. Атап айтсақ, Екібастұз гарнизонында құрылымдық бөліністерінде жеке құрамның арасында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы айлық» өткізілді. Оң имиджін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында 2017 жылдың басынан Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасымен бұқаралық ақпарттар құралдарында жұмыстар атқарылды, 31 сөз сөйлеу жүргізілді.

         Айта кететін жағдай, департаменттің жас мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенділік танытып, «Болашаққа –жемқорлықсыз!» атты акцияны ұйымдастырды. Осы акция аясында қалалар мен аудандардағы төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері «Ең үздік бейнеролик» номинациясына өзара сайысқа түсті. Осы сайыста Екібастұз гарнизоны мамандырылған өрт сөндіру бөлімшесі 3-ші орынға ие болды.

         Ал, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалары бойынша заң бұзушылық фактілері анықталған жағдайда хабарлау үшін департаментте «сенім телефоны» жұмыс істейді. Алайда бүгінге дейін Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасы  қызметіне қатысты және мемлекеттік қызметшілердің әдептсіз қылықтары жөнінде азазматтардан ешқандай арыс – шағым болмаған.

         Жолдауда сыбайлас жемқорлықпен күрестің маңызды қырлары белгіленді. Қоғамда бұл дертке қарсы баршамыз күрес жүргізуміз қажет.

 

 

Екібастұз қаласының

төтенше жағдайлар басқарма

бастығының орынбасары

Д. Байсанбаев