Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ынтымақтастық және «Темекісіз өмір»туралы меморандумдарына қол қойылды

Сектораралық өзара қарым-қатынасты және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында іс-шараларды орындау мақсатында,  ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Нұр Отан» партиясы» ҚБ Екібастұз қалалық филиалы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Екібастұз қ. бөлімімен ынтымақтастық туралы және «Темекісіз өмір» меморандумдарына қол қойды.

Меморандумның негізгі міндеті ақпаратпен, идеялармен алмасу үшін қолайлы жағдайларды жасау, қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы басым бағыттары  жөнінде бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізу, темекіден бас тарту және темекі тартудың зияны, темекіге қарсы саясатты қозғау.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында адамзат капиталының және ұлт денсаулығының дамуына аса назар аударады. Заманауи денсаулық сақтау саласы қымбатқа түсетін стационарлық емдеуге емес, аурулардың алдын алуға көп бейімделу керек.

Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары салауатты өмір салтын насихаттау, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығын қамтамасыз ету арқылы Елбасы Жолдауын іске асыруға барлық күшін салады.