Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жазғы сауықтыру маусымы кезінде тағаммен уланулардың алдын алу

2018 жылғы жазғы сауықтыру маусымы алдында назар аудартуды қажет ететін негізгі мәселелердің бірі болып жазғы кезеңде тағаммен уланулардың алдын алу саналады.

Тағаммен уланулар – бұл құрамында бактериялардың кейбір түрлері бар және органикалық токсиндерді, немесе басқа да химиялық заттарды улы заттарды бөлетін сапасыз тағамды тұтынумен шартталған ауру.

Тағаммен улануларға тән сипатқа  аурудың кенеттен пайда болуы, оның белгілі бір тағамды жеумен байланысы, әдетте жаппайлылығы (бір тағамды жеген бірнеше адам ауырады), ас қорыту мүшелерінің зақымдануы, қолданыстан сапасыз азық-түліктерді немесе бұйымдарды алып тастаған соң аурудың жаңа жағдайларының  жылдам тоқтауы жатады.

Тағаммен улану жағдайларын болдырмау үшін даладан келген соң, ас ішер алдында және дәретханадан соң қолдарыңызды ыстық сумен сабындап жақсылап жуу, тек қайнатылған суды ішу, көкөністер мен жемістерді жақсылап жуу, сүтті қайнату, әзірленген тағамдарды тоңазытқышта сақтау сияқты қарапайым гигиеналық ережелерді ұстану жеткілікті.

 

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының

бас маманы                                                           Б. Абдрахман