Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Темекі тартудың алдын алу

Қазіргі таңда адам ағзасына темекі тартудың зияны жайында білмейтін адам қалмаған шығар. Сонымен қатар көптеген мемлекеттер темекіге қарсы түрлі заңдарды енгізеді. Мұның барлығы кейбір жағымды өзгерістерге алып келді, дегенмен проблема әлі де шешілмеді, өйткені көптеген адамдар өз ағзасына және өзін қоршаған адамдардың ағзасын уландырып, темекіні тартуды жалғастыруда. Темекі тартумен күресте аса маңызды шара тәуелді адамдарды емдеу ғана емес, балалар мен жасөспірімдер арасында никотиндік тәуелділіктің алдын алу болып саналады.

Никотиндік тәуелділік адам психикасымен байланысты күрделі тәуелділік. Бүгінгі таңда темекі тартуды қоюға көмектесетін тәуекелдікпен күрестің бірнеше түрлі тәсілдер бар. Осыған қарамастан, зиянды әдеттен құтылумен күрескенше, темекі тартуды тіпті бастамаған жөн.

 - Балаңызға үлгі бермеңіз. Егер Сіз темекі тартсаңыз, онда сіздің балаңыздың да темекі тарту мүмкіндігінің үлесі жоғары.Сондықтан сіз жаман әдеттен арылуыңыз керек. Сонымен қатар керісінше шаралар да маңызды: балаңызға спорт мен дене шынықтыру сабақтары арқылы жағымды үлгі көрсетіңіз.

- Темекі жарнамаларына тыйым салу. Көптеген елдерде осындай шаралар белсенді қолданылады, сондықтан темекі жарнамасын қолжетімжі жерде көру мүмкін емес. Бұл баланың темекіге дегн артық қызығушылығын тудырмайды. Сондай-ақ кейбңр мемлекеттер темекі орамаларын саптылымға еркін шығаруға тыйым салады, ал темекі орамаларының бетінде түрлі аурулар  түрінде темекі тартудың зардаптары бейнеленеді.

- Ақпарат ету. Балаларға түрлі ақпараттан оларды толық сақтамай, темекі тарту туралы айту маңызды. Сіз темекі тартудың зиянды зардаптары туралы балаға толық түсіндіру керексіз.

- Салауатты өмір салтын насихаттау. Темекі тарту, маскүнемдік, нашақорлықтың күрделі альтернативасы тек біреу ғана– салауатты өмір салты. Спорт пен дене шынықтыруды насихаттау арқылы сіз өсіп келе жатқан ұрпақты зиянды тәуелділіктің қолына түсуден қорғап қалу мүмкінсіз. Жоғарыда айтылғандай, балалар мен жасөспірімдер үшін оларды қоршаған орта аса маңызды рөл атқарады. Ортаның дені сау болса, олар да сау болып өседі.

- 18 жасқа толмаған балаларға темекі сатуға тыйым салу. Бұл барлық мемлекеттер қабылдаған қарапайым шара. Өкінішке орай, көптеген өз ісіне ықылассыз қарайтын сатушылар жеке пайдасы үшін балаларға темекіні сатады.

АСА МАҢЫЗДЫ:

пассивті темекі тартудың зияны да аса жоғары. Темекі тартылған орында болу жүрек тамырлары ауруларының, тыныс алу жолдары ауруларының, онкологияның және темекі тартушыға тән басқа да түрлі дерттердің даму тәуекелін күрделі арттырады. Пассивті темекі тартудың зияны қоғамдық орындарында еркін темекі тартуды шектеудің пайдасына негізгі дәлелі болып табылады.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Сонымен қатар никотиндік тәуелділікпен күресу ісінде алдын алу шараларының рөлі аса маңызды. Темекіні мүлдем тартпайтын адамға зиянды әдетпен күресу қажет емес және темекі тартушы темекіні қойғандағы басынан кешетін күйзеліске де шалдықпайды.

Бөлім басшысы                                     Г.А. Дуйсенова