Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Кәсіптік аурулардың алдын алу

Еңбек қызметі кезінде жұмыс істеушіге өндірістік орта мен еңбек үрдісінің факторлары ықпал етеді, бұл денсаулыққа зиянды ықпал ету мүмкін. Өндірістік ортада қолайсыз факторлардың болмауы мүмкін емес. Тіпті үрдістің озық технологиясы, заманауи құралдар енгізілген, медициналық қызмет көрсетуі жақсы өндірістің өзінде де болмауы мүмкін емес. Экономикалық дағдарыс жағдайындағы артта қалған технология мен ескірген құралдармен жұмыс жүретін отандық кәсіпорындарда тіпті де қолжетімсіз. Осыған байланысты кәсіптік және кәсіптік шартталған аурулардың алдын алу жөніндегі мәселелер өзекті болуда.
Кәсіптік ауралардың және кәсіптік шартталған аурулардың алдын алу – өндірісте жазатайым оқиғаларды болдырмауға, ауытқулардың даму тәуенкелін азайтуға, қарқынды ауруларды болдырмауға немесе баяулатуға, қолайсыз зардаптарды азайтуға бағытталған медициналық (санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-гигиеналық, емдеу-алдын алу және т.б.) және медициналық емес (мемлекеттік, қоғамдық, экономикалық, құқықтық, экологиялық және т.б.) сипаттағы жүйе. Кәсіптік және кәсіптік шартталған аурулардың дамуы бұзу факторлардың кешенді өзара іс-әрекеттеріне және еңбек өмірінің сапасына байланысты. Барлық жұмыскерлер гигиеналық білім мен дағдаларға ие болу керек, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нормалар мен талаптарды орындау қажет.
Кәсіптік аурулардың және кәсіптік шартталған аурулардың алдын алу жүйесі. Қоғамдық алдын алу – өндірісте, жұмыс орнында еңбек пен тұрмыстың саламатты және қауіпсіз жағдайларын жасау. Медициналық алдын алу – денсаулық сақтау жүйесі арқылы іске асырылатын шаралар кешені, оның ішінде:
- жұмыскерлердің еңбегі мен денсаулығын қорғау бойынша мемлекеттік саясатты өңдеу және іске асыру;
- өндірістік үрдістердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гигиеналық нормативтер мен регламенттерді сақтау;
- жалпы қарсы көрсетілімдерді, жеке сезімталдылықты, аурудың дамуының болжамдық тәуекелдерін есепке ала отырып, күні бұрын (жұмысқа орналасқанда) және алдын алу (кезеңдік) медициналық қараулардан өту;
- еңбек етудің санитариялық-гигиеналық және психофизиологиялық шарттарын нормалау;
- ұжымдық қорғау құралдары мен жеке басты қорғау құралдарын оңтайлы пайдалану;
- диспансерлік қарауды және сауықтыруды жүргізу;
- уақытпен қорғалатын принципті енгізу (шартты жүйе).

Бас маман                      Г.Б. Макенова