Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тағаммен уланулардың алдын алу

Тағаммен уланулар– құрамында бактерияның кейбір түрлері бар және олардың органикалық токсиндерді немесе басқа да химиялық токсинді заттарды бөлетін сапасыз тағамды қолданудан туатын ауру.

Тағаммен уланудың ерекшелігі аурудың кенеттен болуы, белгілі бір тағамды жеумен байланысты болуы, әдетте көпшілікке ортақтығы (бір тағамды жеген бірнеше адам ауырады), ас қорыту мүшелерінің зақымдануы, сапасыз азық-түліктерді қолданыстан алғаннан соң, аурудың жаңа жағдайларының тезарада тоқтауы.

Тағам ауруларына қатысты тағам азық-түліктері:

-41% торт және тәтті тағамдар;

-21% ет тағамдары;

-11% сүт және сүрт өнімдері;

- 6 % құймалы балмұздақ;

-6 % флоттық макарон, етпен құймақ;

-5 % екінші тағамдар;

- 5 % салаттар;

-2 % компоттар, сусындар;

- 1 % гарнирлер;

Қолдану орындарымен байланысты тағам аурулары:

-асханалық кәсіпорындар - 33%;

-балалар (балабақшалар, мектептер, сауықтыру лагерлері) - 28%;

-кондитерлікцехтер - 23 %;

-мейрамханалар, дәмханалар- 8%

-емдеу орындары - 4%;

-сауда кәсіпорындары - 3%;

-тұрмыста - 1%.

Тағаммен уланулардың алдын алу

- Мұздатылған ет пен балықты суда ерітпеу. Егер мүмкіндік болса, тоңазытқышта еріту, суық бактериялардың көбеюін болдырмайды.

- Шикі жұмыртқаларды қолданар алдында жуу құралдары арқылы ағынды сумен жуу.

- Жемістер, көкөністер, шөптерді жақсылап жуу.

- Ет және балық азық-түліктерін жақсылап қуыру керек.

- Дайын азық-түліктерді бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмау керек.

- Әзірленген және жылдам бұзылатын тағам азық-түліктерін тоңазытқышта сақтау керек (температура шамасы +5 °C болған жөн).

- Үстелге қояр алдында әзірленген тағамды ыстық түрде (температурасы 60 °C жоғары) ұстаған дұрыс.

- Тағам азық-түліктерін тіпті тоңазытқыштың өзінде ұзақ сақтамау.

- Қоқыс тастайтын шелекті таза ұстау (жуатын және зарарсыздандыратын құралдармен өңдеу), қақпағын жауып, қоқыстан жиі босатып отырған дұрыс.

- Азық-түліктерді дүкеннен сатып алғанда өңделген және іске асыру мерзіміне назар аударып отыру.

- Кремдік кондитерлік бұйымдарды іске асыруының соңғы мерзімінен кейін қолданбау (кремі бар торттар, тәтті нандар).

- Шіріген, орамасы бұзылған, өндіруші және жарамдылық мерзімі туралы ақпараты жоқ азық-түліктерді сатып алмау.

- Жеке меншік саудагерлерден апатты сауда орындарынан азық-түліктерді сатып алмау.

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының

бөлім басшысы Г.А. Дуйсенова