Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Пресс-релиз

2018 жылғы 27 наурызда Екібастұз қаласының әкімдігінде «Под небом правды» деректі  фильмін көрсету ұйымдастырылды. Бұл фильмді Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының идеяларын нығайту шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ықпалдасуымен Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм»АҚ әзірледі.

Фильм сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы төзбеушілікті қалыптастыру мен тұрғындардың қоғамдық санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Көруге  әкімдік атқарушы органдарының, қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері мен жастар бастамаларын дамыту орталықтарының  волонтерлері қатысты.

 

Екібастұз қаласы әкімі

аппаратының мемлекеттік-құқық

бөлімі