Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мемлекеттік бажды онлайн тәртіпте төлеу мүмкіндіктері кеңейтілді

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2018 жылғы 28 наурыз                                                                                                                                                                         Астана қ.

 

Мемлекеттік бажды онлайн тәртіпте төлеу мүмкіндіктері кеңейтілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «SmartPay» провайдерімен бірге пилоттық тәртіпте fastpay.kz онлайн-сервисін іске қосты. Енді қолма-қол ақшасыз есептесуді қалайтын азаматтар кең таралған 37 мемлекеттік қызметтің ақысын тек қана банк карталары арқылы ғана емес, «WebMoney», «Qiwi» и «WalletOne» электрондық әмияндары арқылы да төлей алады.

Сондай-ақ fastpay.kz онлайн-сервисінің көмегімен көлік, жер және мүлік салығын, әкімшілік айыппұлдар мен жол ережесіне қатысты айыппұлдарды төлеуге болады. Алдағы уақытта бұл тізім толыға түседі.

Жаңа сервис - мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті арттырып, халыққа қызмет көрсету саласын цифровизациялауға жасалған кезекті қадам. Енді осы сервис іске қосылғандықтан, қызмет алушылар кассаға кезекке тұрмай-ақ, интернет желісі қосылған смартфон немесе басқа да гаджетпен  www.fastpay.kz  сайтына кіріп, тиесілі мемлекеттік қызметке шұғыл түрде төлем жасай алады. Төлем жасалған соң азаматтың электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті мен электрондық поштасына электрондық чек бекітілген хабарлама келіп түседі.

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Баспасөз қызметі

 тел.: 8 7172 647 920

e-mail: pressa_nao@goscorp.kz