Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Тең мен тең – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі»

2018 жылғы 28 наурызда сағат 15.00-ден бастап 17-00-ге дейін «Қайнар» БББҚ ғимаратында «Тең мен тең – мемлекеттік көрсетілетін  қызметтердің жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңкеге жер қатынастары, сәулет, ауыл шаруашылығы, білім, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, азаматтық хал актілерін тіркеу, спорт және экономика саласындағы мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. 

Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалы «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің Екібастұз қалалық бөлімшесінің, БЗЖҚ АҚ Павлодар облыстық филиалының, Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы-«Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаментінің  Екібастұз қалалық бөлімшесінің, Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің  Екібастұз қалалық бөлімінің өкілдері шақырылды.

Тұрғындарға 27 электрондық-сандық қолтаңба (ЭСҚ), 33 (жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы, тіркелген құқықтар туралы, сотталмағандығы туралы, зейнетақы жарналары туралы) анықтама берілді.

117 адам мемлекеттік қызметтерді алу мәселесімен жүгінді және 33 көрсетілетін қызметтерді алушы «Электронды үкімет» www.egov.kz. Веб порталын пайдалану машықтарына үйрету жөніндегі оқудан өтті.

Жәрмеңке осы тақырыптағы бейнеролик көрсетумен, жаднамалар және кітапшалар таратумен сүйемелденді.

Бұл іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алуды насихаттау мен тұрғындарды «Электронды үкімет» порталын пайдалануға үйрету.