Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сабақ өткізілді…

2018 жылдың 28 наурызында Палодар облысы Шұғыл құтқару жасағы бөлімшесінің қызметшілері және Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасының бас маманымен Павлодар облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 2-ші полиция батальоннының жеке құрамымен «Көктем мезгіліндегі тасқын су кезіндегі мұздағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында мемлекеттік және орыс тілдерінде сабақ өткізілді.

 Тыңдаушыларға су басу қаупі бар аумақтарда тұратын тұрғындардың су басу және тасқын су кезіндегі іс-қимылы дәріптеліп, видеоролик көрсетілді.  

Оқу барысында Екібастұз қаласының ТЖ басқармасының қызметшілері МАЭС-1, МАЭС-2 су қоймаларында сақындатқыш техникалық су болғандықтан, мұз үнемі жылы сумен шайылып отырғандықтан мұз беркітігі әлсіз болатындығы айтылып ескерту, тыйым салу белгілеріне назар аударуларын естеріне салып өтті. Сабаққа 83 адам қатысты.

  

М.Хамитова,

Екібастұз қаласы ТЖБ

ТЖ алдын-ала ескерту

тобының бас маманы