Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Акнурова С.И.: Алғыс

№ 17 жалпы білім беретін мектебінде 22 Наурыз мерекесі күні кең ауқымды іс – шаралар ұйымдастырылды. Іс – шараға ұстаздар қауымы, ата – аналар да белсене араласқандығы бірден байқалды. Қай қазақта болмасын өзінің атадан балаға мұра болып келе жатқан салт – дәстүрлерін де еске алып, ғасырлар бойы ұрпақтан, ұрпаққа жалғасып, ұмытылмай келе жатқан ұлттық ойындарда ұйымдастырылған. Ұлттық ойын балалардың ой танымын кеңейтуге, тапқырлыққа, ептілікке баулитынын білеміз. Ақ жаулықты әжелерімізде шашуларын шашып, ән – жырларыңызбен көңілден шығып, ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті мерекеде бір серпіліп қалдық. Сонымен қатар мектеп ішінде ұйымдастырылған қуыршақтар тиатры бЍ

лаларымыздың көңілінен шықты. Қуыршақтар арқылы сахналық ойын көрсетіліп, ұлттық өнерді де нақыштай алғандығына көзім жетті. Киіз үйдің ішінде келген қонақтарға ыстық тамақ әзірленсе, сыртында адамдарға тегін ұлттық тамақтар таратылып, ұйымдастырған мектеп директоры К.А Катарова мен мектеп ұжымына жылы құттықтау ізгі ниеттеріміз, алғыстарымыз , айтылған барлық тілек қабыл болып, осындай ауқымды іс – шара келесі жылы да ұйымдастырылсын деген ниетпен Наурыз мерекесі елімізге, құт - береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Акнурова С.И

Сіздің өтінішіңіз назарға алынды.