Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Искужанов Қадыржан Мұxамедқалиевич: Наурыз мерекесі

Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мерекесі. Осы мереке қарсаңында 22 Наурыз күні № 17 жалпы орта білім беретін мектептің ауласында, биылғы жылы алғаш рет 31 ықшам аудан тұрғындарына, мектеп директоры К.А Катарова мен ұстаздар қауымы бірлесе отырып осы аталмыш шараны ұйымдастырғандары үшін үлкен алғыс білдіремін. Іс – шара кең ауқымда ұйымдастырылған. Ән - күймен, ойын - сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін көңілді мерекеге ұласты. Мектептің ауласында киіз үйде орналастырылған, ұстаздар қауымы жылы шуақпен қарсы алып, көңілімізді серпілтті. Келген қонақтар өзд ерінің құттықтау тілектерін де білдіріп, барша мектеп ұжымына алғысым шексіз, елімізді өркендетуге, халқымыздың осындай мерекеде жақсы көңіл сыйлағандарыңыз үшін, рухани жаңғыруда бағытталған ауқымды шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметтеріңіз әр дайым табысты болып, ойға алған барлық арман, жоспарларыңыз орындалсын, келесі жылы осы аталмыш мереке жалғасын тапсын демекпін. 31 ықшам ауданының тұрғыны Искужанов Қадыржан Мухамедқалиевич.

Сіздің өтінішіңіз назарға алынды.