Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Энтеровирусты инфекцияның алдын алу

Энтеровирусты инфекция – инфекциялық ауру, ішек вирустарының тобына кіреді. Энтеровирустық инфекциялардың берілуі нәжіс және ауыз арқылы  (су, тағам және   тығыз қарым-қатынас арқылы) және ауа-тамшы жолдары (түшкірік, жөтел арқылы) іске асыру кезінде жүзеге асырылады. Ауру маусымдық сипатқа ие, бұрқ етпелер көктем-жаз және жаз-күз мезгілдерінде пайда болады. Жұқтырылу су, тамақ өнімдері, сондай-ақ науқастың нәжісі, жөтелген және түшкірген кезде өте ұсақ сілекей мен қақырық тамшылары арқылы жүреді. Инфекция ашық суқоймаларда шомылу кезінде өте жиі жұғады. 

            Энтеровирустар сыртқы ортаға төзімді келеді: төмен температураларға шыдамды (тоңазытқышта бірнеше апта бойы сақталады), құбырмен келетін суда 18 күнге дейін тіршілігін жоймайды, өзеннің суында бір айға жуық, тазартылған ағында суда екі айға дейін тіршілік етеді, сондай-ақ тұрмыстық бұйымдарда, тамақ өнімдерінде (су, жеміс, көкөніс) болады. Вирус жылыту қыздыру, қайнату, құрамында хлор бар препараттардың, ультракүлгін сәулелену әсерінен тез тіршілігін жояды.

            Инфекция қалай байқалады?

            Ауру температураның 38-40˚ С-қа дейін көтерілуімен, әлсіздіктен, бастың ауыруынан, лоқсудан, құсудан және көздің қарығуынан басталады. Бұл симптомдар жүрек тұсының, іштің, бұлшық еттің, ауыруымен, доғашықтағы және бадамшабездердегі ұшық бөртпелерімен қатар жүруі мүмкін. Кейбір жағдайларда жоғарғы тыныс алу жолдарында талаурау, суық тию, мұрынның бітуі, жөтелу байқалады. Аурудың 1-2 күндері негізінен қолда, аяқта, ауыз қуысында және оның айналасында 24-48 сағаттың ішінде (кейде 8 күн) болатын, кейін жоғалып кететін бөртпе пайда болады.

            Бала ауырып қалса не істеу керек?

            Көрсетілген белгілерге шағымдар пайда болған жағдайда ауру өздігінен өтеді деп күтпей, тез арада дәрігерге баруыңыз қажет, өз бетінізше емдеуге тырыспаңыз.

            Баланы қалай қорғау керек?

            Энтеровирусты инфекцияның алдын алу шаралары кез келген жіті ішек  инфекциясы кезіндегі шараларға ұқсас — мынадай ережелерді сақтаған жөн:

          - ішу үшін тек қана қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;

          - тамақ ішердің алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтау;

          - жеміс пен көкөністі пайдаланудың алдында оларды жөке қолданып және кейіннен қайнатылған сумен шайып мұқият жуу;

          - ресми рұқсат етілген жерлерде ғана шомылу, шомылу кезінде суды жұтпауға тырысыңыз;

         - азық-түлікті жеке тұлғалардан және сатуға рұқсат етілмеген жерлерден сатып алмау  үшін белгіленбеген , приобретать продукты у частных лиц и в неустановленных для торговли местах.

Емдеуден гөрі қарапайым профилактика шараларын сақтай отырып аурудың алдын алған жеңіл екендігін есте ұстаңыз!

 

Екібастұз қалалық

қоғамдық денсаулық сақтау

басқармасының бас маманы                            К.А. Айтпаева