Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Атмосфералық ауаны қорғау туралы

Жалпы түсініктемесі – бұл атмосфераға ластайтын заттарды шығару, яғни атмосфералық ауаға стационарлық және жылжымалы шығарындылар қайнар көздерінен шыққан халық денсаулығына және қоршаған ортаға қолайсыз ықпал ететін ластайтын заттардың түсуі.  Ұйымдастырылған ластайтын қайнар көздерде шаң-газ тазарту құрылғыларынан өткен, сондай-ақ ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған қайнар көздерінен тазартылмай шығатын атмосфералық ауаға түсетін барлық ластауыш заттар есепке алынады.  Атмосфераны ластайтын заттар шығарындыларын есепке алу агрегаттық қалпы бойынша (қатты, газ тәріздес, сұйық), сонымен қатар жеке заттары (ингредиент) бойынша жүргізіледі.

Атмосфераны ластаудың стационарлық қайнар көзі түсінігі –атмосфераны ластайтын заттарды пайдалану үрдісінде бөлінетін жылжымайтын технологиялық агрегат (құрылға, қондырғы, аппарат және т.б.). Осыған басқа да объектілер (террикондар, резервуарлар және т.б.) жатады.

Атмосфералық ауаны ластайтын газды тазарту – атмосфералық ауаны ластайтын қайнар көздерінен шығатын  газ-ауа қоспасы құрамынан ластайтын заттарды арнайы құрылғылар, қондырғылар және құралдар арқылы жою, оған зарарсыздандыру, уландырғышын азайту жатады.

«Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ Екібастұз аймағында атмосфералық ауаға ай сайын мониторинг жүргізеді.  Атмосфералық ауаға мониторинг жүргізу әзірленген  жоспар негізінде Екібастұз қаласының бақыланатын нүктелерінде және «БАК» ЖШС «Богатыр» кеніші, «Северный» кеніші, «Евроазиатская энергетическая корпорация» АҚ «Шығыс» кеніші,  ЭТЭЦ «Павлодарэнерго» АҚ, «Екібастұз МАЭС-2» ЖШС, «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС, «Ангренсор Энерго» ЖШС «Екібастұз» кенішікәсіпорындарының санитарлық-қорғау аймақтырының шекарасында мыналарға: азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртегі тотығы, формальдегид, фенол, органикалық емес шаң, құрамында 20-70% кремний бар шаң, көмір күлі, күйе, өлшенген заттар, азот оксиді көрсеткіштеріне атмосфералық ауаның өлшемдері жүргізіледі.

2018 жылғы қаңтар, ақпан, наурыз айларында атмосфералық ауаға жүргізілген мониторинг  атмосфералық ауаны ластайтын заттардың шекті-рұқсат етілген қосындыларының артуы анықталмады. Екібастұз аймағының бассейнінде атмосфералық ауаны бақылау бойынша жұмыстар жалғасуда.

 

 

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының

бас маманы                                                            Б. Бегельдинова