Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жарақаттанушылықтың алдын алу

Жарақаттанушылық аурушаңдылық құрылымында жетекші орын алады және еңбеккен жаамды жастағы ересектер мен балалардың мүгедектілігі мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Жыл сайын біздің республикада шамамен 800 мың адам жарақаттанады.

Жарақаттанушылық – белгілі бір уақытта халықтың белгілі бір тобында туындаған жарақаттардың жиынтығы.

Жарақаттанушылық 20-49 жастағы ер адамдарда, 30-59 жастағы әйел адамда көрініс табады, және бұл көрсеткіш барлық жастағы топтарда ер адамда әлдеқайда жоғарырақ.

2017 жыл ішінде Павлодар облысында жазатайым уақиға, уланулар мен жарақаттану санаты бойынша бастапқы аурушаңдылық 100 мың халыққа 4488,0 құрады, 2016 жылы   5601,2 болды, 19,9 % төмендеді. Екібастұз аймағында 2017 жылы бастапқы аурушаңдылық  көрсеткіші облысқа қарағанда жоғары, 100 мың халыққа 4617,0 құрады.

 

Жазатайым уақиға, уланулар мен жарақаттану

бойыншааурушаңдылық және өлім көрсеткіштері

 

Қала және аудан атауы

2016-2017 ж.ж. жазатайым уақиға, уланулар мен жарақаттану

бойынша бастапқы аурушаңдылық

2016-2017 ж.ж. жазатайым уақиғадан, уланулар мен жарақаттанудан болған өлім

 

Оның ішінде көліктік жазатайым уақиғалардан

Оның ішінде ішімдіктен уланудан

100 мың халыққа

Абсолютті сандар

100 мың халыққа көрсеткіш

Абсолютті сандар

100 мың халыққа көрсеткіш

Абсолютті сандар

100 мың халыққа көрсеткіш

2016

2017

2016

2017

2016

2017

2016

2017

2016

2017

2016

2017

2016

2017

Облыс

5601

4488,0

753

667

99,4

88,1

95

63

12,5

8,3

91

88

12,0

11,6

Екібастұз

5122,5

4617,0

148

127

96,9

83,2

20

14

13,1

9,2

12

13

7,9

8,5

 

Екібастұз аймағы бойынша жазатайым уақиғадан болған бастапқы аурушаңдылық  100 мың халыққа 4617,0-ге төмендеді, 2016 жылы 5122,5 құрады. Жарақаттан өлім 127 жағдайды құрады, 2016 жылы 148 болды (21 жағдайға төмен).

         Көліктік жазатайым уақиғалардан өлім 25017 жылы абсолютті санмен 14 жағдайды құрады, 2016 жылы – 20 жағдай, төменделу байқалады. Облыстық көрсеткіш 100 мың халыққа 2017 жылы 3,9 құрады, 2016 жылы – 0 болды.

         Ішімдіктен уланудан өлім аймақ бойынша 2017 жылы абсолютті санмен - 13 жағдай, 2016 жылы – 12 жағдай болды.

Жарақаттанушылық құрылымында Травматология және ортопедия РҒПО деректері бойыншатұрмыстық жарақаттар басым(56,1%), далалық (17,5%), балалық (16,5%), спорттық (6,8%), жол-көліктік (1,8%) және өндірістік (1,3%).

Тұрмыстық жарақаттанушылық ең алдымен үй жұмыстарын– тамақ әзірлеу, үй жинау және жөндеу жұмыстарын орындаумен байланысты. 70% астам тұрмыстық жарақаттар мен түрлі зақымдар тайғақ және бұдыр еденде, орындықтан, жарықтандырылмаған саты алаңында, ауа-райы себебінен үй ауласында құлау себебінен туындайды. Көбінесе тұрмыстық жарақаттар өзімізге байланысты себептерден туындайды.  Оған абайламаушылық, жинақсыздық, асығыстық, ыстық сұйықтықтарды, отты, химиялық заттарды, электрлік және газдық аспаптар және т.б. икемсіз, олақ пайдаланғандықтан туындайды. Тұрмыстық ұстамсыздық нәтижесінде аз зақым алады. Олардың тууына мейрам және демалыс күндері ішімдік ішу маңызды рөл атақарады.

Далалық жарақаттанушылық құлау нәтижесінен жиі болады, әсіресе, оның қысқы уақытта ауа-райлық жағдайға (көктайғақ, аяздар және т.б.) байланысты саны ұлғаяды.

Қысқы уақытта, әсіресе, ауылдық аймақта және қатты отынмен қыздырылатын қаланың жеке меншік секторларында тұңшықтырғыш газдан улану қаупі өседі. Адамдарға нәтижесінде тұншықтырғыш газдан улану мүмкін  пеш жапқыштарын ерте жабу қаупі туралы ескерту қажет.

Жарақаттанушылықтың, уланулардың және жазатайым уақиғалардың  алдын алу барлық бағыттар бойынша жүргізіледі.

Далалық жарақаттанушылықтың алдын алу жарақат алу қауіптілігіне, шағын сәулеттік нысандардың, балалар алаңдарының, футбол және хоккей алаңдарының болу, болмауына,   аулалық аумақтарды тексеруден басталу керек.

Осылайша жасы үлкен  балалар далада ересектердің қарауынсыз жүреді, пайдалануға жарамсыз және жарақат тудыратын төбешіктер мен алтыбақандарды эәне шағын сәулеттік нысандардың болуын болдырмау қажет.

Аулаларда жаңа буынның балалар алаңдарын (пластикалық, металдық емес), жабдықталған футбол, волейбол, хоккей, жаттығу алаңдарын орналастыру келешекте балалардың далалық жарақаттанушылығын азайтуға мүмкіндік тудырады.

Спорттың түрлі түрлерімен айналысатын, музыкалық және сурет салу мектептеріне баратын балалар санын көбейту де балалар жарақаттанушылығын азайтады, өйткені ұйымдастырылған балалар өздеріне берілмейді, осылайша олар жарақатқа аз ұшырайды.

Уланулардың алдын алуға ең алдымен ата-аналармен жұмыс енеді, өйткені  60,0% улануға кішкентай жастағы балалар (0-5 жас) ұшырайды. Бұл тұрмыстық химия заттары мен дәрілердің балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажеттігі туралы түсіндірме жұмысын жүргізу.

Пештердің уақтылы жөнделімі және оларды дұрыс пайдалану – осы ережелер адамдарға жылу беру кезеңі алдында және барысында тұрақты негізде түсіндірілу керек.

Күюдің, электрлік күюдің және үсудің алдын алу бойынша жұмыс ата-аналармен және балалармен жүргізілу керек. Балаларға жылдам жанатын электр, газ аспаптарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін түсіндіру қажет. Бұл жұмысты ата-аналар да, мүдделі ведомстволар да жүргізген дұрыс.

Жол-көлік апаттарынан алынған жарақаттар бойынша, соққыға жығылған балалардың жарақаттануы бойынша құқық қорғау органдарына жұмысты белсендіру қажет, бекеттік инспекторларға аз қамсыздандырылған отбасыларды анықтап, оларды уақтылы есепке алған жөн.

Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының алдын алу психикалық денсаулық қызметінің, сонымен бірге суицидке тәуекел жасөспірім тобын психологиялық сүйемелдеу мәселелері жөнінде білім беру жүйесінің психологтарының жұмысын белсендіруді қарастырған дұрыс.

 

Екібастұз қалалық қоғамдық

 денсаулық сақтау басқармасының

 бөлім басшысы                                                    Г.А. Дуйсенова