Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты» ММ 2017 жылы көрсеткен мемлекеттік қызметтердің есебіне талдамалық анықтама

2017 жылы барлығы  217 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 17 жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру және 200 мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою.

         Есепті кезеңде  стандартар мен регламентер талаптарының бұзылуы болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына арыз түсірушілер  жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртіптерін бұзғандығы жөнінде тәртіптік жаза қолдану фактілері тіркелген жоқ.

2017 жылдың 23 мамырында, 22 тамызда және 3 қарашада тұрғындармен ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу  тәртбі, мемлекеттік қызметті «ЭЦҚ»-сыз алу және электрондық қызметтерді алудың маңыздылығы мен тартымдылығы, сонымен қатар «Ашық Акимат» жобасын іске асыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

2017 жылдың 15 қараша айында БАҚ мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі сұрақтарды жариялау жоспарына сәйкес Отарқа газетіне мақала берілді.