Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мұз әлсіз, сақ болыңыз!

Күн жылынып, мұз ери бастағанда Екібастұз қаласының МАЭС-1, МАЭС-2 техникалық су қоймаларында жазатайым оқиға болу қаупі арта түседі.

Аталмыш су қоймаларында Павлодар облысы ТЖД шұғыл-құтқару жасағының қызметшілерімен көктем мезгілінде жыл сайыны әуесқой балықшыларды құтқару жұмыстары іс-жүзіне асырылады. Мысалы:

2017 жылдың 16 сәуірінде «МАЭС-2 Екібастұз стансасы» АҚ-ның техикалық су қоймасында жағалаудан ойылған мұз үстінін Екібастұз қаласының құтқарушылар бөлімшесінің құтқарушылары 8 балықшыны аман есен алып шыты. 

Мұз әлсіз, сақ болыңыз ! 

 Қауіпсіздік – өз қолымыз да, біз өзімізді өзіміз қорғай аламыз!

         Біз қауіпсіздік шараларын сақтағымыз келсе де келмесде, бірақ сақтауға міндеттіміз .Жәй ғана қарапайым ережені сақтамау қайғылы оқиғаға душар етуі мүмкін.  

Балық аулауға баруға жиналған кезде өзіңізбен бірге көптеген заттар аласыз, сондай кезде оқыс жағдайда қолданатын заттарды ұмытпаған жөн.  Көбі балық аулауға жеке көліктерімен шығады.

    Есіңізде болсын -  автокөлікпен мұзға шығу,  тіпті қалың мұздың өзінде қауіпті!

   

Киімдеріңіз неғұрлым ашық түсті болғаны абзал, аппақ қарда жақсы көрінетін болады. Сондай-ақ жіп алуды ұмытпаңыз, ол құтқару кезінде таптырмайтын құрал.Дәрі қобдишасы көлікпен жүрсеңізде ғана емес жаяу жүргенде де міндетті түрде болу керек. Балық  аулауға келген кезде мұз қауіпті емес, оның үстіне шығу қауіпті.Су деңгейі жоғары көтерілгенде немесе жағалауға төмен түскенде, оның қауіптілігі арта түседі  оған құлап жарақат алуға болады, немесе киіміңіз су болуы мүмкін.

   . Қамыстың бойымен шығу қауіпті, бұл жерлерде мұз қалың болмауы мүмкін. Су ағыны қатты жерлерде мұз сумен шайылып мұз әлсіз келеді. Ол морт сынуы мүмкін.

Арнайы қызметтерді шұғыл түрде шақыру үшін келесі телефондар арқылы хабарласа аласыз:

1

Құтқару қызметі

112

2

Өрт қызметі

101

3

Полиция

102

4

Жедел көмек

103

Шұғыл қызметке келесідегідей хабарласа аласыз:

- қалалық және мобильдік телефондардан,

- сіздің мобильдік телефоныңызда қаражат болмасада,

-  SIM-картаңызға шек қойылсада,

-  телефоныңызда SIM-картаңыз болмасада,

Шұғыл қызметке телефон шалу тегін.

         Есіңізде болсын, Сіздің өміріңіздің қауіпсіздігі өзіңіздің қолыңызда ешқандай балық адам өміріне қымбат емес, сізді үйде туғандарыңыз күтіп отыр  …. 

М.Хамитова,

Екібастұз қаласы

ТЖ басқармасы

төтенше жағдайларды

ескерту тобының

                                                                                                        бас маманы