Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz
Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенімен бірлесе отырып және «Екібастұз балалар қоры» ҚҚ-ның директоры Т.В. Шмидттің
қолдауымен Үгіт бригадасының «Жас өрт сөндіруші» қалалық сайысы өткізілді. Сайысқа қала мектептерінен 11 жасақ қатысты. Сайыс екі кезеңнен құрылды . 1 кезең – дайындық кезеңі. Өрт бөлімшелерде болған экскурсия, сайыс тағы басқада шаралардың фотосуреттер жинағы, жасалған істері көрсетілді. II-кезең. Әр жасақ өрт қауіпсіздік негізі, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету дағдылары, оқыс жағдайда дұрыс іс-қимыл жасау жөнінде визиттік карточкарын ұсынды.
Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі орынды үш жасақ алды:
1 орынды «№36 лицей мектебі» КММ жасағы қанжығалады;
2 орын «№11ЖОББМ» КММ жасағына бұйырды және 3 орынға «№5 ЖОББМ» КММ ие болды.
Жеңімпаздарға диплом сыйлық, сондай-ақ жеңіліп қалған бірақ қатысқан командаларға қатысқандары үшін дипломдар табысталды.
Рогожина Е.С., Екібастұз қаласы
ТЖБ МӨБ бөлімінің азаматтық қорғау
аға инженері