Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ТЖ БАСҚАРМАСЫ ЕСКЕРТЕДІ

Көктем басталысымен су тасқыны кезеңі де басталады, ол ауыл және кент, аудан тұрғындарына, шаруашылық объектілеріне елеулі қолайсыздықтар туғыздырады, автомагистральдарда көлік қозғалысын бұзады. Су тасқыны да жақындап қадлы, оған тән су деңгейінің күрт артуы, өзендердің тасуы, гидротехникалық құрылыстар жарылуы, ал бұнын сонында үнемі жерлерді су басу, халыққа және шаруашылық объектілеріне материалды залал әкелу. Тұрғын үйдын су басу алдын алу мақсатында, өндірістік, мәдени-тұрмыстық объектілерді, темір жолдарды, автожолдарды, басқа да инженерлік құрылыстарды және адам өлімін болдырмау үшін, жергілікті атқарушы органдар, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер басшылары және тұрғындар су тасқынына қарсы бірқатар іс-шаралар жүргізуге жүзеге асыру керек: елді мекендерде көктемгі су тасқыны өтуі жөнінде кезекшілік байқау ұйымдастыру; қар көп жиналған жерлерді тазалау, әғызатын арналарды және каналдарды тазалау, механизмдерді және су ағызу құрылғыларын жөндеу; су басуы ықтимал аймақтардан және учаскелерден еріген судын кедергісіз өтуін ұйымдастыру; бұлақтардың ағуын реттеу үшін су басуы мүмкін аумақтарға топырақ төгу; су тасқыны кезеңінде елді мекендерде негізгі қамтамасыз ету базаларынан қатынас болмауы мүмкін, қажетті жемшөп, азық-түлік, отынның қорын құру қажет; көктемгі қарқынды қар еріген кезінде, ұзаққа созылған жауын-шашын, өзен сағаларында және жақын маңда су қоймаларыдың бөгеттері орналасқан саяжай учаскелеріне бармау керек; құбырлар және басқа да конструкциялар, өзендер, каналдар үстінен өтетін, терең және кең канавалар және басқада контрукциялар үстімен өтуге болмайды; жазатайым оқиға болмау үшін белгісіз жерлерден, өзендер, каналдар және басқа да су айдындарының мұзы арқылы өтуге болмайды; балаларға жақын өзендер, қазаншұңқырлар, терең жыралардың жанында ойнауға  тыйым салу; су толық құлдырағанға дейін балықшыларға балық аулауға осы кезеңінде тұра тұру керек.

         Көктемгі су тасқыны нәтижесінде егер сіз өз мүлкінізден айырылып қалғыныз келмесе, онда қазірден бастап қажетті шараларды қабылдаңыз.

 

Екібастұз қаласы ТЖБ

ТЖ алдын-ала ескерту

тобының бас маманы

Макенова Г.Қ.