Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Искакова Назгуль Нургалиева: Почему в квартире холодно

Салеметсизбе Кайрат Темиршотович! Ата анам Бухар жырау 274а кошесиндеги екі этажды уйде тұрады.мына уй тастай суык. Комнатадагы температура 12 градус.батарейлер сəл сəл ғана жылы.жылу суды уже айтпаймыз.жылы су келгенше кранды ашып койып тосып отырғанын.Не маскара мынау 21 ғасырда,далада тұрғандай. Екеуі де зейнеткер,үлкен кісілер үнемі ауырады,анам 2группа инвалиді. Оларға жылу керек.осы сұрақты шешім беруіңізді отінеміз.

Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына, жылумен жабдықтау параметрлерінің сәйкессіздігі мәселесіне қатысты Сіздің өтінішіңізге, келесіні хабарлаймын.

Аталмыш өтініш «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, «Екібастұз жылу желілері» ӨК, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС өкілдерінің қатысуымен орынға барып тексерілді.

Тексеру барысында жылу торабындағы жылумен жабдықтау параметрлері: Р1/Р2=7,0/6,3 кгс/см, Т1/Т2=68/48 градусты құрады, мұның өзі температуралық кестеге сай.

Сіздің пәтердегі ауаның температурасы 13-15 градусты құрады.

Көрсетілетін жылумен жабдықтау қызметінің сапасын арттыру мақсатында, Сізге және осы үйдің өзге де пәтер меншік иелеріне жылумен жабдықтаудың тік құбырларына жөндеу жұмыстарын жүргізуді, кірешек жылуын қалпына келтіруді ұсынамын.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының негізінде, Сіз қабылданған шешімге шағымдануға құқылы екеніңізді түсіндіремін.