Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Садвакасова Самал Мурзатаевна: Жол қатынасы жөнінде

Аса құрметті Қайрат Теміршотұлы! Солнечный кентінде Сіздің қатысуыңызбен өткен əкімнің есеп беру жиынында Солнечный -Екібастұз бағытындағы автобус мәселесі жөнінде сөз болып, оны 3 күнінің ішінде шешуді бұйырған едіңіз. Алайда, жарты айдан асты бұл мәселе əліде өз шешімін тапқан жоқ. Бұған дейін күніне 3 рейс жүрген еді, қазір тіптен қалдық. Əсіресе, күнде барып-келіп оқитын студенттер мен денсаулығына байланысты ауруханаға баратын зейнеткерлер үшін өте қиын. Ал такси жүргізушілері бағаны бірден көтеріп жіберді, онымен қоса балаларға да толық жолақы алады. Осы мәселені шешіп беріңізші сұраймыз. Құрметпен, Солнечный кентінің тұрғындары.

Құрметті Самал Мурзатаевна! Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына, Екібастұз-Солнечный к. автокөлік бағыты мәселесіне қатысты келіп түскен өтінішіңізге, келесіні хабарлаймын.

Багаж және жолаушыларды тұрақты автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру туралы 2016 жылғы 14 мамырдағы №1 іс-жүзіндегі шарттың шарттарын бұзуына байланысты, атап айтқанда 2018 жылы 19 ақпаннан бастап Екібастұз-Солнечный к. және қала-саяжай маршруты бойынша рейстік автобустарды шығармауына байланысты 2018 жылы 21 ақпанда «Маис» ЖШС шарт бұзылды.

Қазіргі уақытта конкурстың қорытындысын шығарғанға дейін, Екібастұз – Солнечный маршрутын «Мерседес-Sprinter» маркалы автокөлігімен «Абдархманов Н.Б.» ЖК іске асыруда.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін

қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес Сіз қабылданған шешімге арыздануға құқылысыз.