Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Адалдық күні» акциясын өткізді

Көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсету, өскелең ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу, азаматтарды игі істер жасауға шақыру мақсатында Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанатбек Тоқатов басқарма мамандарымен бірге «Адалдық күні» акциясын өткізді.

Басқарма мамандары «Адалдық күні» акциясы аясында жалпыға ортақ құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырды.

Басқарманың басшысы Қ. Тоқатов және басқарманың кәсіподақ ұйымдастырушылары халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын азаматтардың мекенжайлары мен телефондарын «Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен алдын ала білгеннен соң, жалпы алғанда 8 бала тәрбиелеп жатқан үш отбасының табалдырығын аттады.  

Олар кәмелет жасқа толмаған үш жасөспірім тәрбиелеп жатқан ана О.В. Смирнованың, 11 және 7 жастағы екі баланы өсіріп жатқан К.З. Сулейменованың, сондай-ақ кәмелет жасқа толмаған үш баланы жалғыз өзі тәрбиелеп келе жатқан және баспананы жалға алып отырған азаматша Хуангай Нурланның отбасы үйлерінде болды, басқарманың басшысы      Қ.Қ. Тоқатов олардың қал-жағдайларын сұрап, «Отбасы – мемлекеттің негізі. Әрине біздің мемлекет аз қамсыздандырылған отбасыларға әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету арқылы қамын ойлайды. Дегенмен бұл өкінішке орай жеткіліксіз. Біз біздің мемлекетіміздің әлеуметтік бағдарламасына қосылып, «Адалдық күні» акциясы аясында мұқтаж адамдарға «тамшыдай» болса да көмек көрсетуді шештік» - деп кездесудіқорытындылап, әр отбасына кәсіподақтан жиналған қаражатқа тәтті тағамдар сыйлады. 

«Адалдық күні» акциясына «Саламат» сауда үйінің иесі, дербес кәсіпкер Раманқұл Сәкен де қатысып, жәрдем беруден тыс қалмады. «Саламат» сауда үйінің өкілі Оразбаева Әсел «Саламат» сауда үйі атынан жоғарыда аталған отбасылардың балаларына ойыншықтар мен ойын жиынтықтарын сыйлады.

Осылайша Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қаламыздың қонақтары мен тұрғындарын игі істерді жасауға және қоғамдағы жағдайды жақсартуды өзінен бастауға шақырады.

 

Ұйымдастыру-құқықтық

 жұмыс және мониторинг

бөлімінің  бас маманы                                                     Самал Асылханова