Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Конакбай Хабдуллинович Турумтаев «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

Конакбай Хабдуллинович Турумтаев «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

 

Қала әкімінің 2018 жылғы 5 наурыздағы №25 өкімімен Конакбай Хабдуллинович Турумтаев «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

Конакбай Хабдуллинович 1960 жылдың 28 қазанында Ресей Федерациясы, Омбы облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, Целиноград ауыл шаруашылық институтын ветеринария мамандығы бойынша, Қазақстан-Ресей университетін заңтану мамандығы бойынша аяқтады. Жалпы еңбек өтілі - 40 жыл, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 16 жылдан жоғары.

Конакбай Хабдуллинович өз еңбек жолын Екібастұз қаласы, Ақкөл совхозының құрылыс учаскесінің жұмыскері болып бастады.

          Әр жылдары қызметтер атқарды:

          Екібастұз совхозының бас ветеринары, «Казагромаркетинг» АҚ кеңесшісі, «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» ММ бас маманы, Бесқауға ауылының ветеринарлық пунктінің меңгерушісі.