Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Марат Салимович Закарьянов «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды

Марат Салимович Закарьянов «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды

 

Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 5 наурыздағы №24 өкімімен Марат Салимович Закарьянов «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

Закарьянов Марат Салимович 1985 жылғы 11 желтоқсанда Екібастұз қаласында туған. Білімі жоғары, 2012 жылы Инновациялық Еуразия университетін заңтану мамандығы бойынша аяқтады. Жалпы еңбек өтілі 10 жыл, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі -10 жылдан жоғары.

Өз еңбек жолын «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде заңгер-консультант ретінде бастады.

 «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі коммуналдық және иесіз мүліктермен жұмыс жөніндегі секторының бас маманы, «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және абаттандыру мәселелері жөніндегі бас маманы лауазымдарын атқарды.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалғанға дейін осы мемлекеттік орган басшысының орынбасары лауазымын атқарды.