Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Безгекпен ауыру тәуекелі

Безгек көбінесе масалардың Anopheles түрі арқылы жұғатын қауіпті инфекциялық ауру.

Сонымен қатар бұл ауру анадан іштегі нәрестеге жұғу мүмкін, жұқпаланған қанды құйғанда және жұқпаланған адамның қанымен қатынас кезінде (мысалы, нашақорлардың шприцтерін қайталап қолданған кезде) жұғу мүмкін.

Безгек тропикалық аймақтарда, әсіресе, ауылдық елді мекендерде таралады.Кейбір мемлекеттерде ол эпидемия деңгейіне жетті, бірақ қалаларда бұл мәселе аса күрделі емес.

Безгек белгілері: ауру циклдық болып жүзеге асады. Безгек ұстамасы әдетте 6-10 сағат бойы созылады және дене қызуының жоғары температураға дейін күрт көтерілуімен, дірілдеу мен қалтыру, қызы және терлеу көріністері байқалады. Ұстаманың аяқталуы дене қызуының нормаға немесе субнормаға дейін жетіп, 2-5сағат қатты терлеумен сипатталады. Одан соң адам қатты ұйқыға кетеді. Безгек ұстамасы әдетте бас және бұлшық ет ауруымен, әлсіздік, шаршаумен, жүрек айну және құсу белгілерімен көрініс табады. Кейбір жағдайларда терінің сарғаюы, адамның комаға кетуі мүмкін. Цикл әрбір 48 немесе 72 сағат қайиаланады. Осындай белгілер туындаған кезде дәрігерге тезарада жүгіну керек. Диагноз расталғаннан соң ауруханаға жатып емделу керек.

Асқынулар

Безгек өзнің жағымсыз белгілерінен басқа, анемия, терінің сарыға боялуымен байқалатын бауырдың зақымдануы, қатты жөтел мен қақырықпен өкпені зақымдауы, жүрек жеткіліксіздігі, мидың зақымдануы, сіңірдің тартуы, ой-сезімнің бұзылуы, сал ауруы немесе ессіз күйде болу, эритроциттердің жаппай бұзылуымен сипатталатын сары аурудың жіті түріне әкелетін, несеп арқылы  гемоглобиннің шығуын және бүйректің жеткіліксіздігін туындататын гемоглобинуринді безгексияқты асқынуларымен аса қауіпті.

Сіз не істей аласыз:

Егер Сіз безгекке тән аудандарда болсаңыз немесе жақында сізге қан құйылса, ал басталған ауру белгілері жоғарыда сипатталғанмен ұқсас болса, сізге міндетті дәрігерге көмекке  жүгіну керек.

Дәрігер не істей алады:

Диагностика үшін паразитті анықтауға қанның талдамасы алынады. Емдеуді тек стационар жағдайында және дәрігердің бақылауымен арнайы безгекке қарсы дәрілер арқылы (делагил, хингамин, хлороквин және т.б.)жүргізеді. Мүмкін болатын асқынуларды ескерту аса маңызды және оларды бастапқы кезінде емдеген жөн.  Күрделі жағдайларда қан құю қажет етіліп қалу мүмкін.

Безгектің алдын алу

Безгектік аймақтарға барудан бас тартыңыз. Ал егер сіз эпидемия аймағына әйтеуір баратын болсаңыз, онда дәрігерден немесе фармацевтен ауруды алдын алудың тәсілдері туралы сұрап алған дұрыс. Арнайы безгекке қарсы дәрілер бар. Курсты жол жүруге дейін 1-2 апта қалғанда бастайды, эпидемия аймағында болғанда барлық уақыт бойы қабылдауды жалғастырады және үйге қайтып келгеннен кейін төрт апта қабылданады.

Сонымен қатар өздеріңізді масалардың шағуынан қорғау қажет. Ол үшін репелленттерді және москитті торларды пайдаланған дұрыс.

 

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының бас маманы                                   А.О. Жимайлова