Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бұл гепатит. Оны біліңіз. Одан сақтаныңыз.

Қазақстан Республикасында 2017 жыл қорытындысы бойынша  вирустық гепатит «А»  (бұдан әрі ВГА) аурушаңдылығының өсімі осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда 43,5%, облыста  2,2 есеге (8ден -18 жағдайға дейін) өсті.

Ағымдағы жылдын басынан «А» вирусының гепатиті бойынша топтық аурушаңдығы  тіркелуіне байланысты бірнеше облыстарда сырқаттану  ахуалы тұрақсыз болуда.

 2018 жылғы  қаңтарда Қарағанды облысында А вирусты гепатиттің топтық аурушаңдығы  үш мектепте:  Қарағанды  қаласының  № 58  мектебінде 9 жағдай және  Теміртау қаласының №5 орта мектебінде 7 жағдай,  Шахтинск қаласының №26 орта мектебінде 3 жағдай және  Шығыс Қазақстан облысы Шолпан елді мекенінде    31жағдайы тіркелді.

Екібастұз аймағында «А» вирусты гепатиті аурушандығының өсімі көп жылдар бойы байқалды.Аурушандықтың циклдік көтерілуінің мезгіл аралығы 10-12 жылды құрайды. Соңғы жылдары «А» гепатитінің тіркелген жағдайларының төмендеу үрдісі байқалады. 2010 жылы «А» вирусты гепатиті (әрі қарай - АВГ) аурушандықтың көтерілуі кезінде (53 жағдай тіркелді), оның 70 пайызы мектеп оқушылары құрады. Инфекцияны тоқтату үшін 2010 жылдың қараша- желтоқсанайларында, 8000-нан астам оқущылар «А» вирустық гепатитіне қарсы алғашқы екпе алды.   Жоспарлы иммундау 2 жастағы балаларға, шұғыл иммундау 14 жасқа дейінгі балаларға (еңалдымен оқушыларға)2011 жылы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығына қол жеткізіп, АВГ 2,5 есе төмендеді. Бір жылдан соң, 2012 жылы – 3 жағдай, оның ішінде 1 оқушы тіркелді. 2013 жылы 2 ересек адам сырқаттанса,  2014 жылдың бастап 2017 жыл аралығында «А» вирусты гепатиті аурушаңдылығы тіркелмеді.

         2018 жылдың қаңтар айында Екібастұз қаласында вирустық гепатиттің А түрінің 1 жағдайы 23 жастағы жұмыс істемейтін әйелде  тіркелді.

«А» вирусты гепатиті не екенін және ол қалай кауіп төндіретіндігін есімізге түсірейік.

«А» вирусты гепатиті –адамның өмірі үшін маңызды мүшесі - бауырды зақымдайтын жіті инфекциялық ауру. Өкінішке орай, осы ауруға барлық жастағы адамдар, әсіресе балалар шалдығу мүмкін6 ал 70-80 пайыздық жағдайда вирустық гепатит А-мен 3-тен 10 жасқа дейінгі балалар сырқаттанады. Жүкті әйелдер үшін вирустық гепатит Е аса қауіп төндіреді, өйткені 25-40 пайыздық жағдайда жүктіліктің екінші жартылығында бұл аурумен сырқаттану өлімге алып келеді. Бүгінгі таңда А, В и С, Д, Е,F,G,TTV,SenV,X,Y гепатиттерін тудыратын бірнеше вирустар бар. Олардың ағзаға кірудің түрлі жолдары мен өзіндік белгілері бар. Дегенмен В және С вирусты гепатит ауру белгілерсіз өтеді. Созылмалы гепатит В гепатитіне шалдыққан әрбір оныншы адамда, және С жіті гепатитіне шалдыққан әрбір екенші адамда дамиды. Емделмеген созылмалы гепатиттің қауіптілігі  бауыр циррозын күшейте түседі және бауырдың алғашқы ісігінің себебі болып табылады.

Өзіңізді А және Е гепатиттерінен қорғану үшін салауатты өмір салтын және санитариялық-гигиеналық қағидаларды сақтаған жеткілікті, өйткені осы вирустар кәріз жүйесі және сумен қамту жүйелері нашар елді мекендерде сапасыз суды қолданғаннан, халықтың санитарлық мәдениеті төмен жерде жұқтырылады. Мына қарапайым ұсынымдарды сақтаған жөн: дәретханадан кейін және ас іскен соң қолды жақсылап жуыңыз, ашық су қоймадан қайнамаған суды ішпеңіз, ол сумен жемістерді, көкөністерді  жумаңыз, тыйым салынған белгілер қойылған орындарда шомылмаңыз. Сонымен қатар тұрғын жайды және жалпы қолданатын жерді таза ұстаған жөн.

Ал В және С гепатиттері гемоқатынастық жолмен таралады, демек оны жұқтыру үшін науқас адамнан сапу адамның қанына  биологиялық сұйықтық (қан, емшек сүті, сілекей және т.б.)  тию керек. Бұл қан құйғанда, стерильді емес медициналық және косметикалық құралдарды (татуаж, прессинг, маникюр, педикюр жасаған кезде) пайдаланғанда жұғу мүмкін. Сонымен қатар ашық жарақат арқылы, зақымданған шырышты қабықша арқылы қанның тікелей қатынасы кезінде, жалпы тіс щеткаларын қолданғанда, бритвалық аспаптар, жуынатын жеке бас тазалығының заттары арқылы, сақтанбаған жыныстық қатынас арқылы жұғады, сондай-ақ жұқпаланған ананың жүктілік кезінде, босанғанда, емізгенде балаға жұғу мүмкін. Басқа жағдайларда, мысалы, құшақтағанда, қол қағысқанда, қоғамдық көлікте және бассейнде В және с вирустық гепатиттерін жұқтыру мүмкін емес.

Аурудың сипатын анықтап қарайық, егер де Сіз бір күні өзіңізді әлсіз сезініп, ал теріңіз сарғыш түске боялса, гепатитпен ауырып қалмадыңыщз ба екендігін ойлау керек. Бұл терінің сары түске боялғанға дейінгі кезең – ең қауіпті ауру кезеңі болып табылады.

Терінің «сарғыш бояуға» боянуы аурудың басталғанынан 7-12 күн аралығында аз-аздап пайда болады. Алдымен көздің ағы, жұмсақ таңдай, содан кейін кеуде және іш терісі, бұдан кейін бет, қол, аяқ терілері сарғая бастайды.

Кейде гепатит сарғыштық белгілерсіз болып өтуі мүмкін, дегенмен бауырды зақымдау белгілері сол қалпында қалады. Аурудың сыртқа көрінбеген белгілері науқас адамның өзіне және оны қоршаған тұлғаларға қауіп төндіреді. Әлсіздіктің алғашқы белгілері пайда болғаннан бастап медициналық көмекке жүгінген жөн.

Егер жоспарлы алдын алу екпелері туралы айтатын болсақ, ол балалардың 2 жасынан бастап екі есе 6 ай аралықта тұрғылықты жері бойынша емханаларда жүргізіледі.  Бұл балалар арасында «А» вирусты гепатитін жұқтырудан қорғайтын қарапайым, жоғарғыпайызды және қаупсіз тәсіл екенін естен шығармаңыздар!

 

Екібастұз қалалық қоғамдық

 денсаулық сақтау басқармасының

 бас маманы                                                       Н.С. Сейдагалиева