Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсыным

«Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі»

Республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша

әдістемелік ұсыным

 

I. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін тарату, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін анықтау және ынталандыру, олардың уәждемелік жүйесін жетілдіру мақсатында жыл сайын «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізіледі.

2. Конкурс екі негізгі кезеңде өткізіледі:

1) I кезең – өнірлік деңгей (облыстық деңгей) өнірлік конкурстық комиссиялар өткізеді және онда Конкурстың бірінші кезеңінің жеңімпаздары анықталып, олар екінші кезеңге қатысуға ұсынылады;

2) II кезең – республикалық деңгей республикалық конкурстық комиссиясымен өткізіледі және онда Конкурс жеңімпаздары анықталады.

3. Қатысушыларды бағалау үшін Конкурстың бірінші кезеңінде Өнірлік конкурстық комиссия құрылады (бұдан әрі – Өнірлік комиссия), комиссия құрамы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігінің сәйкесінше аумақтық департаменттерімен бекітіледі.

Өнірлік комиссия 9 адамнан және хатшыдан тұрады.

Аталған комиссия Агенттіктің аумақтық департаменттері жанында құрылады және Агенттіктің келісімі бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың,  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тәуелсіз эксперттер және өзге де тұлғалар қатарынан қалыптасады.

Өнірлік комиссия қызметінің ұйымдастырылуын сүйемелдеу Агенттіктің сәйкесінше аумақтық департаменттерінің қызметкерлерімен жүзеге асырылады.

4. Конкурс жеңімпаздарын анықтау үшін Агенттікпен анықталатын Республикалық конкурстық комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) құрылады.

Республикалық комиссия 9 адамнан және хатшыдан тұрады.

Комиссия құрамына мемлекеттік органдар басшылығы, сонымен қатар Президент Әкімшілігінің, Премьер–Министр кеңсесінің, Парламент палаталарының депутаттары, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, халықаралық, қоғамдық және ғылыми – білім ұйымдарының өкілдерін қосуға жол беріледі.

Конкурстық комиссия хатшысы дауыс құқығы жоқ және осы конкурсқа қатыспайтын Агенттік қызметшісі болып табылады.

Республикалық комиссия қызметінің ұйымдастырылуын сүйемелдеу Агенттіктің орталық аппарат қызметкерлерімен жүзеге асырылады.

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау 23  маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшісі күнін мерекелеуге орайластырылған.

Конкурстың қорытындысы және оның жеңімпаздарының саны Республикалық комиссияның шешімімен анықталады.

 

II. Конкурс қатысушылары

 

7. Конкурсқа алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ, сондай–ақ  мемлекеттік қызметте өтілі бір жылдан кем емес мемлекеттік қызметшілерге қатысуға жол беріледі.

8. Конкурсқа қатысуға үміткерлерді ұсыну мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерімен де, (лауазымды тұлғаларымен), сондай–ақ, осы Әдістемелік нұсқаулықтың 7–тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін қызметшілердің өздерін ұсынуы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

9. Облыстық немесе республикалық конкурстық комиссияның мүшесі болып табылатын мемлекеттік қызметші конкурсқа қатысқан жағдайда, оның комиссия жұмысына қатысуы тоқтатылады.

 

III. Конкурсты дайындау және өткізу тәртібі

 

10. Конкурс Агенттіктің Интернет–ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында басталуы туралы хабарландыру орналастырудан басталады.

Конкурс туралы хабарландыруда:

конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар, конкурстық тапсырмалардың нысандары;

конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру тәртібі мен мерзімі;

конкурс нәтижелерін жариялау тәртібі мен мерзімі;

конкурс туралы толық  ақпарат алу көзі туралы мәлімет көрсетіледі.

11. Агенттіктің интернет–ресурсында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 10 күн ішінде орталық мемлекеттік және

жергілікті атқарушы органдар ішкі конкурстық іріктеу рәсімдерін жүргізеді және конкурсқа қатысуға үміткерлердің қажетті құжаттарын Агенттіктің тиісті аумақтық департаменттеріне жібереді.

Астана қаласында орналасқан орталық мемлекеттік органдар конкурсқа қатысуға үміткерлердің қажетті құжаттарын Астана қаласы бойынша Агенттіктің аумақтық департаментіне жібереді.

12. Конкурсқа қатысуға үміткерлерді анықтау үшін мемлекеттік органдар конкурстық іріктеу рәсімдерін ұйымдастырып, конкурсқа қатысушылардың сауалнамаларын бағалау (№ 2 қосымша) осы Әдістемелік нұсқаулықтың № 3 қосымшасына сәйкес критерийлерді ескере отырып жүргізеді.

Ең жоғары ұпайға ие болған мемлекеттік қызметшілер конкурсқа қатысуға үміткерлер ретінде ұсынылады.

Үміткерлер бірдей ұпай сандарын жинаған жағдайда басымдылық мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген, күрделі жобаларды іске асырған мемлекеттік қызметшілерге беріледі.

13. Мемлекеттік органда ішкі іріктеу рәсімдерін өтпеген, бірақ конкурсқа өзін-өзі ұсынушы ретінде қатысуға ниет білдірген мемлекеттік қызметшілер қажетті құжаттарды Агенттіктің интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 15 күн ішінде Агенттіктің тиісті аумақтық департаментіне жолдайды.

14. Мемлекеттік органдар мен өзін-өзі ұсынушылар Агенттіктің тиісті аумақтық департаментіне сауалнаманы бағалау кезеңінен сәтті өткен мемлекеттік қызметшілердің келесідей құжаттарын жолдайды:

1) осы Әдістемелік ұсынымдардың №1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу жөніндегі өтініш;

2) конкурс қатысушысының оның бағасымен бірге сауалнамасы;

3) көлемі 500 сөзден тұратын машинамен жазылған А–4 нысанды мәтіндегі «Не себепті мен Үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықтымын» тақырыбындағы уәждемелік эссе (Times New Roman – 14, жоларалық интервал – бір);

4) қызметтік тізім.

Уәждемелік эсседе кәсіби қызметіндегі үміткердің негізгі жеке жетістіктері, өзінің қызмет аясындағы мәселелерді шешудегі, мемлекеттік органмен оған жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру процессіндегі жеке үлесі, сондай-ақ іске асырылған жобалардың тізімі (бар болған жағдайда) дәйектеліп жазылуы тиіс.

 

IV. Конкурс өткізу кезеңдері

 

15. Бірінші кезең өңірлік деңгейде Агенттіктің аумақтық департаменттерімен осы Әдістемелік ұсынымдардың 14–тармағында көрсетілген құжаттары қабылдаудан басталады.

16. Мемлекеттік органдармен және үміткерлермен конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін Агенттіктің аумақтық департаменттерімен оларды толтырудың дұрыстылығына, осы Әдістемелік ұсынымдармен айқындалған критерийлерге сәйкестігіне және ұсынылған құжаттардың толықтылығына тексеру жүргізіледі.

17. Мемлекеттік қызметшілер:

1) осы Әдістемелік ұсынымдардың 7–тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда;

2) осы Әдістемелік ұсынымдардың 14–тармағында көрсетілген құжаттарды толық емес көлемде немесе белгіленген құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған жағдайда конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

18. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оларды тексеру аумақтық департаменттермен конкурс басталу туралы хабарландыруды орналастырған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

19. Өңірлік деңгейдегі конкурстың бірінші кезеңінде үміткерлер келесі бағалау рәсімдерінен өтеді:  

1) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуін тестілеу;

  2) үміткерлердің ахуалдық мәселені шешу қабілетінің бағасы.

20. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білу тестілеуі (бұдан әрі - тестілеу) Агенттіктің аумақтық департаментінде компьютерлік тестілеу түрінде өтеді. Тестілеудің өту баллы Агенттікпен бекітіледі.

Аталған тестілеу Агенттіктің аумақттың департаментінде 2018 жылдың  20 наурызынан кешіктірмей өткізіледі.

21. Тестілеуден сәтті өткен қатысушылар, Агенттікпен әзірленген бағалау парақтарының өлшеміне сәйкес, олардың ахуалды мәселелерді шешу қабілеттерін бағалайтын Өңірлік комиссиядан жеке әңгімелесуден өтеді.  

Ахуалды мәселе (кейс) – әңгімелесу кезінде қатысушыға нақты мәселе ұсынылады, аталған жағдайға қарап, оның ішінде заңнамаларға сілтеме жасап, шешу жолын ұсыну қажет.

Дайындалу уақыты – 5 минут (конкурстық комиссия залында)

Жауап беру уақыты –5 минутқа дейін.

Бағалау өлшемі – заң шығару регламентімен жағдайды түзету, оны  түпнұсқалық және инновациялық әдіспен шешу.  

Бұдан өзге, Өңірдегі комиссия жеке әңгімелесу кезінде үміткердің сауалнамадағы мәліметтеріне, жазылған уәждемелік эссенің сапасына, жариялымдары мен марапаттарының барына, ғылыми атағы мен дәрежесіне,  «А» корпусы қызметшілерінің кадрлық резервіне тіркелу жағдайын, спорттық және қоғамдық қызметін назарға алады.

22. Өңірлік комиссия жеке әңгімелесу қортыныдысы бойынша, 2018 жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей, екінші кезеңге жіберілетін үміткерлерді анықтайды.  

23. Өңірлік комиссиясының отырысы оның құрамының 2/3 кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.

24.  Әрбір үміткер үшін шешім Өңірлік комиссия мүшелері конкурсқа қатысуышылар рейтингісімен құрылған бағалау парақтарында қойылған баллдарды есептеу жолымен қабылданады. 

25. Қорытынды отырыс хаттама түрінде рәсімделеді, оған Өңірлік комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды.

26.  Бірінші кезеңнің қорытынысы бойынша іріктелген үміткерлердің құжаттары Агенттіктің орталық аппаратына 2018 жылдың 16 сәуірінен кешіктірмей жолданады.

27. Конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін баллдары Агенттікпен бекітілген шекті мәнге жеткен үміткерлер жіберіледі.  Конкурстың екінші кезеңіне өткен үміткерлер тізімі Агентіктің интернет-ресурсында жарияланады.

28. Конкурстың бірінші кезеңінен сәтті өткен үміткерлер конкурстың екінші кезеңіне өтуі үшін жеке жобалық жұмыстарды дайындайды және оны Агенттікке 2018 жылдың 10 мамырынан кешіктірмей ұсынады. 

Жеке жобалық жұмыста мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша экономикалық немесе әлеуметтік әсері бағаланған жаңарту ұсыныстары болуы тиіс. Жаңартылған ұсыныс нақты, дәйекті және бұрын тәжірибеде болмаған қолданыста жоқ ойды ұсынуы маңызды.

29. Республикалық комиссия өзінің жеке жобалық жұмысын қорғаған үміткерлермен әңгімелесу өткізеді.

Жеке жобалық жұмысты қорғау – Республикалық конкурстық комиссияның алдында жеке жобалық жұмысын таныстыру және қорғау түрінде рәсімі. Ол үшін баяндамаға 5 минуттан көп емес уақыт беріледі, бұл уақытта ұсынылғын жобаның мәні мен мақсатын, сонымен қатар іске асыру жолындағы мәселелерімен, іске асыру деңгейін және күтілетін жағдайын ашу қажет.

Бағалау өлшемі – презентацияны біртума, түпнұсқа түрде беру, мазмұнды, логикалық, дәлелді мағлұматтармен, сұрақтарға нақты жауаптылығымен, мәліметтердің сапалы дайындалған көрнектілігі, ораторлық шеберлігі.

30. Әрбір үміткерге шешім осы Әдістемелік нұсқаудың 4 қосымшасына сәйкес Республикалық комиссияның бағалау парағына қойған баллдарды есептеу жолымен қабылданады.

 

V. Конкурстың қорытындысын шығару

 

31. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша Республикалық комиссия конкурстың нәтижесі бойынша шешім қабылдап, конкурстың жеңімпаздарын анықтайды.

32. Конкурстың нәтижелері хаттамамен рәсімделіп, конкурстық комиссия мүшелерімен қол қойылады.

33. Жеңімпаздар «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметкері» төс белгісімен, дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

34. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау уақыты мен орны жайында ақпараттандырылуы Агенттіктен жүзеге асырылады.

35. Конкурс қорытындысы марапаттаудан кейінгі 5 күн ішінде Агенттіктің интернет-ресурсында БАҚ орналастырылып, сонымен қатар жеңімпаздар жайлы көрсетілген ақпараттар (олардың бөмірбаяны және суреті) қамтылған естелік буклет (кітап) әзірленеді.

36. Конкурсты өткізудің ұйымдастыру-техникалық қамтамасыздандырылуы Агенттікпен жүзеге асырылады.

 

 

Қосымша 1

                  

                   Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігі 

__________________________

__________________________

        Қызметшінің лауазымы/А.Ә.Т.

__________________________

__________________________

                  

 

                  Өтініш

 

 

Мені «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Байқаудың шарттарымен таныстым және келісемін.

_________________                                      _________________

(күні)                                                                 (қолы)

 

  

Қосымша 2

 

САУАЛНАМА

 

       

Фотоға арналған орын

Тегі   _________________________________________  

Аты  _________________________________________

Әкесінің аты___________________________________  

Туылған күні «____»_____________19_____г.               

Жұмыс орны___________________________________           

Лауазымы ____________________________________

Телефон     ____________________________________

E-mail        ____________________________________

Білімі (оқу орны, бітірген жылы, мамандығы, біліктілігі)     _____________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, атағы_________________________________________________

Мемлекеттік қызмет өтілі_________________________________________________

Байқау жұмысы тақырыбының бағыты бойынша еңбек өтілі_____________________

______________________________________________________________________

Сізде мемлекеттік, ведомстволық наградалар, құрметті атақтар, дипломдар бар ма (атаңыз)

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

Сіз конкурс жұмысы тақырыбының бағыты бойынша семинарларға, форумдарға, конференцияларға қатыстыңыз ба (атаңыз)

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

Сіз конкурс жұмысы тақырыбының бағыты бойынша қосымша білім беру (біліктілігін арттыру, даярлау/қайта даярлау, тағылымдама)

алдыңыз ба (оқу орны, бітірген жылы, бағағыты, мамандануы)

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

Негізгі (маңызды) ғылыми басылымдар, кітаптар, жадынамалар,

Мемлекеттік қызмет және (немесе) бағыты бойынша тақырыбына байланысты проблемалық мақалалар, (атаңыз)

______________________________________________________________________

___________________________________________________________________

Сіз мемлекеттік қызмет мәселелері және (немесе) конкурс жұмысы тақырыбына байланысты мемлекеттік бағыты бойынша қандай жобаларға қатыстыңыз (атаңыз)

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

Сіз мемлекеттік қызмет және (немесе) конкурс жұмысы тақырыбына байланысты мемлекеттік басқару саласында облыста енгізілген қандай ғылыми әзірлемелерге қатыстыңыз ________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

Облыста конкурс жұмысы тақырыбына байланысты мемлекеттік қызмет және (немесе) бағыты бойынша қандай зерттеу жұмыстары жоспарланған

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

Мемлекеттік және шет тілдерін білу ______________________________________________

___________________________________________________________________________

Тәртіптік жаза қолданылғаны туралы мәлімет ______________________________________

___________________________________________________________________________

Толтыру күні                                                              Қолы                           

«_______»__________20___ж.                                 _____________

 

Осы сауалнамада толтырылған менің деректерімді өңдеуге және сақтауға келісемін.

__________________

Қолы 

 

 

3 қосымша

 

Конкурсқа қатысушылардың сауалнамасын бағалау өлшемі

 

қ/с

Өлшем

Бағасы

(балл)

1

2

3

1.

Мемлекеттік қызмет өтілі:

 

1 жылдан 10 жылға дейін

1

 

10 жылдан жоғары

2

2.

Тілдерді білуі (еркін меңгеруі):

 

Мемлекеттік және орыс тілін білуі

1

 

Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білуі

2

3.

Наградасы, құрметті атағы:

 

ведомствалық наградасы

1

 

мемлекеттік наградасы                               

2

 

құрметті атағы

2

 

халықаралық ұйымдардың наградасы немесе құрметті атағы

2

4.

Кәсіби даму талпынысы:

 

2 және одан көп жоғары білімі

1

 

ғылыми дәрежесі

1

 

ғылыми еңбегі, ашқан жаңалығы

2

зерттеген немесе жүзеге асырған жобалары

3

5.

Мемлекеттік қызмет/басқару саласында кәсіби білімін жоғарылату деңгейі

 

семинарға, форумға, конференцияға қатысуы

1

 

тағылымдамадан өтуі                                        

2

 

біліктілігін арттыру, кәсіби қайта даярлау курстарын оқуы 

2

6.

Іс жүзінде қызметі:

 

Мемлекеттік органның қызметін немесе өз қызметінің бағытын жақсарту бойынша ұсынылған жолдар

2

 

  

4 қосымша

 

 

Конкурсқа қатысушының жеке жұмыс жобасын бағалау

өлшемі

  

қ/с

Өлшем

Жоғары баға (бал)

1

2

3

1.

Жобада көрсетілген мәселенің өзектілігі

                10 дейін

2.

Көтерген мәселенің мемлекеттік басқару сапасын жоғарылату маңыздылығы

10 дейін

3.

Жобада көрсетілген мәселені шешу жаңалығы мен шығармашылық әдісі, мәселені шешу басымдықтарын орналастыру

10 дейін

4.

Үміткердің мәселенің мазмұнын білуі және оның дәрежесін зерттеуі

10 дейін

5.

Мемлекеттік органдар үшін тәжірибелік ұсынымы болуы

10 дейін

6.

Саланы дамытуды стратегиялық көрсетуі және оның «шағын деңгейді» білуі  

10 дейін

7.

Іске асырылатын жобада күтілетін экономикалық тиімділік

10 дейін

8.

Жүзеге асырылатын жұмыс нәтижесінің дайындық  дәрежесі

10 дейін

9.

Сұрақтарға нақты жауап беруі

10 дейін

10.

Талдау мен мазмұнының шынайлығы

10 дейін