Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылы есеп беру кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс -шаралар туралы қаулы

2018 жыл 19 ақпан № 160/2

 

 

Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылы есеп беру кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс -шаралар туралы

қаулы

  

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 - бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 190 Жарлығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:      

1. Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы есеп беру кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс -шаралар (бұдан әрі – іс – шаралар) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

3. Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы:

1) Іс – шаралардың орындалу барысы туралы Екібастұз қаласының тұрғындарын тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандырып отырсын;

2) Іс – шаралардың орындалу барысын тоқсан сайын қала әкімдігінің мәжілістерінде қарауды қамтамасыз етсін. 

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасарларына, аппарат басшысына және кеңесшісіне жүктелсін.

 

 

 Екібастұз қаласының

             әкімі                                                                                            К. Нукенов