Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Партияның туған күні

Өзінің 19 - туған күнін атап өткен қоғамдық ұйым – «Нұр Отан» партиясы үшін ағымдағы жылдың 1 наурызы атаулы күн  болып табылады. Осы жағдайға байланысты қалыптасқан дәстүрге сәйкес «Қайнар» БДО- да кездесу өтті. Онда «Нұр Отан» партиясының ардагері Самат Жайынович Рамазанов сөз сөйлеп, жылы лебізін  білдірді. С.Ж. Рамазанов «Нұр Отан»  партиясы өзінің мықты әрі тұрақты саяси механизм екенін көрсете білді, партия активінде көптеген  игі істер, бастамалар мен қоғам өміріндегі позитивті өзгерістер бар. Партия мүшелерін белсенді өмірлік ұстаным, азаматтардың өмірін жақсы және жайлы ету идеясы мен елде әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсаты  біріктіріп тұрғанын айтып өтті.

Партия билеттері мен «Нұр Отан» партиясы Екібастұз қалалық филиалының төрағасы Қайрат Теміршотұлы Нүкеновтің алғыс хатын табыстау салтанаты кездесудің ең бір әсерлі сәті болды.