Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы

Балаға ойыншықты қалай таңдаймыз? Біреулер белгілі бір өндіруші-фирмаға негізделсе, екіншілері – бала кезінде армандаған қуыршақтар мен машиналарға тартылады, басқалары балаға дамытатын ортаны жасауға тырысады… Ойыншықтар бала үшін аса маңызды. Олардың педагогикалық бағыты мен тиімділігі жөнінде зерттеулер де аз емес. Дегенмен көптеген ата-аналар ойыншықтардың міндетті түрде қауіпсіз болу керектігін ұмытып жатады.
Сертификациядан өткен барлық ойыншықтарға тексеріс нәтижесінде қойылған талаптарға сәйкестігі расталған МС және «СанҚжәнеН» нөмірі беріледі. Сонымен қатар мемлекеттік, орыс тілдерінде ақпарат және таңба болу керек. Таңбаны әдете өндіруші фирма қояды.
Ойыншықтарға көптеген қауіпсіздік талаптары қойылады:
- химиялық қауіпсіздік
- механикалық қауіпсіздік
- өрт қауіпсіздігі
- шу деңгейіне талаптар
- электрлік қауіпсіздік

Бұйымның қауіптілік деңгейін анықтау үшін әрбір критерий бойынша көптеген сынаулар өткізіледі. Кішкентай баланың ойына не келетіндігін, ойыншықпен ол не істейтіндігін ешкім білмейді ғой, ол оны не сындыру мүмкін, не жалау мүмкін. Балаларға арналған бұйымдар уландырғыш заттарды тудырмайтын материалдан жасалған болу керек (мысалы, металдық бөлшектер тотыққан жағдайда).
Ойыншықтардың механикалық қауіпсіздігі – бұл бұйымның балаға түрлі жарақат жасай алмау мүмкіндігі. Бұйымды механикалық қауіпсіздікке тексерген жағдайда бұйым шетінің өткірлігіне (жарақат алмағандай), фольгадан жасалған бөлшектерге, ұсақ бөлшектерге (балалар жұлып алып, жеп қоймайтындай), сылдырауыққа, оның дыбыстық құрамы мен корпусының беріктілігіне (корпус бұзылғанда, ұсақ шарлар түсіп қалмайтындай), жоңғалақтар мен шиналарға (оларды қаншалықты жұлып алуға болатындығына), тіреуіш элементтердің (сомын, тығырық) төзімділігіне, мотор, серіппе бөлшектерінің төзімділігіне, жіптер мен созылғыш ленталардың беріктігіне назар аударылады.
Ойыншықтың өрт қауіпсіздігіне тұтану жылдамдығы, толық жанып біту жылдамдығы, өрт жалынының тікелей ықпалынан жанбау мүмкіндігі, қиын тұтануы (қайнар көзі аласталғаннан кейін жалынның сөнуі), сондай-ақ жанғанда уландырғыш заттарды бөлмеу мүмкіндігі кіреді. Өрт қауіпсіздігі талаптары басты түрде карнавалдық костюмдерге, жұмсақ ойыншықтарға, сондай-ақ бала ішіне кіре алатын бұйымдарға қойылады.
Шу деңгейіне қойылатын талаптар электрлік ойыншықтарға және сылдырмақтарға қойылады. Жабық жайда шу деңгейінің шегі 695 децибелден аспауы қажет.

Электр ойыншықтар трансформатордан және батарейден іске қосылатын болып бөлінеді. Қуат беру көзіндегі күш 24 вольттан аспау керек. Трансформатор өртке қарсы берік материалдардан жасалу керек. Батареяларға да ерекше талаптар қойылады: олар жарылмайтын болу керек, және тоққа түсу тәуекелі ең аз болу керек.
Енді таңбалауға кішкене тоқталайық. 3 жасқа дейінгі балаларға арналмаған ойыншықтардың барлығына өндіруші тиісті ескерту белгісін салу керек. Кейде қажетті жас нұсқаулығы көрсетіледі. Бұл көрсеткіш қауіпсіздікпен байланысты емес, ол, егер бұйым жиналатын болса, нақты ойыншықтың немесе оның қиындық деңгейінің педагогикалық тағайындалуымен орнатылады. Таңбалаудағы алақан бұйымның моториканы және бұлшықеттерді дамытатындығын білдіреді.
СЕ белгісі (эллипстің жартысына ұқсас латын әріптері) Қауіпсіздік туралы Еуропалық одақтың директивтеріне бұйымның сәйкестігін білдіреді.
Енді кез келген тұтынушы байқай алатын ойыншық қауіпсіздігінің аса қарапайым ережелеріне тоқталайық. Жалпы ойыншықты таңдағанда Lego, Mattel, Playmobil және басқалар сияқты белгілі өндіруші фирмаларға бейімделген жөн. Әрине нарықта және дүңгіршекте сатылған ойыншықтарға қарағанда бұл фирмалардың өнімдері қымбаттау, бірақ белгілі фирмалар өз өнімдерін өздері сынап, олардың қауіпсіздігіне жауап береді, және өз беделін түсірмеуге тырысады.
Кейбір ата-аналар ойыншықтарды өз қолдарымен жасайды. Әрине мұны істеуге болмайды деп мен айта алмаймын. Әрине істеуге болады, тіпті істеу қажет. Бірақ ойыншықтарды әзірлегенде қауіпсіздік ережелерін есепке алған дұрыс. « Шынайы махаббат – қамқорлықта» дегенмен барлығы келісетін шығар. Қауіпсіз ойыншықтар сіздің балаға деген ең жылы сезімдеріңізді білдіретіндігіне сенімдімін.


Жетекші маман                         Р.Т. Усенова