Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Өнім қауіпсіздігі бойынша мониторинг жүргізу

Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өнім сапасы мен қауіпсіздігі  айналымы мәселесі Кеден Одағы және Дүниежүзілік сауда ұйымына түсу жағдайында аса өзекті болып табылуда.

Кеден Одағы мемлекеттерінен  және басқа да елдерден Қазақстан Республикасы аумағына әкелінген тауарлар оның сапасы мен қауіпсіздігіне күмән тудыратын жағдайлар болып жатады, тұтынушылар нарығында  өнімнің және ораманың шыққан жері туралы ақпараттың болуы, тиісті белгіленуі оны іске асыру деректерін растайды.

Тағам өнімі немесе құрылыс өнімі немес азаматтардың тұрмыстық қажеттелігіне арналған бұйымдар болмасын барлығы тұтынушыға арналған ақпаратпен және өнімді пайдаланудың қауіпсіздік ережелерімен қамтамасыз етілу керек. Бұл тауарлар денсаулыққа қауіпсіз, сақталу мерзімі жарамды, қаптамасы бұзылмаған, пайданауға қажетті құжаттаманың толық жиынтығымен бірге болуы керек.

2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасында тағам өнімінің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізіледі. Өнімнің қауіпсіздігі мониторингінің мақсаты халықтың өмірі, денсаулығы және мүлігі үшін, қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ұлттық тауар өндірушілер өндірген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Нарықта өнімнің  қауіпсіздігіне мониторинг жүргізудің негізгі міндеттері:

-  адамның өміріне, денсаулығына, тұқым қуалаушылығына, мүлігіне және қоршаған ортасына қауіп төндіретін өнімді нарықта анықтау және осындай өнімді тұтынушылық нарықта болдырмау;

-  тұтынушылық нарықтың қорғалауын қамтамасыз етіп, өнімнің потенциалды қауіптілігінің тәуекелділігі деңгейін бағалау.

Өнімнің қауіпсіздігі үшін санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау нысаны ретінде камералдық бақылау жүргізу жолымен өнімнің қауіпсіздігіне мониторингті,  Кеден Одағының Техникалық регламенттерімен белгіленген талаптарға және Бірыңғай санитариялық-эпиедмиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкестігіне өнімнің санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуді белсенді жүзеге асырады. «Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ мамандары қоғамдық тамақтану, бөлшектеп сату сауда объектілерінде тауарларды сатып алады, бұл – азық-түлік, киім, құрылыс материалы, тазалық құрал-жабдықтары болу мүмкін, осылайша олар санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін зертханаға жіберіледі. Өнім үлгілерінің сынамалары (сатып алу) бюджет есебінен жүргізіледі.

Егер өнім дұрыс сақталмау, тасымалданбау немесе іске асырылмау нәтижесінде өнімнің сәйкессіздігі анықталса, онда лауазымды тұлғаға, кәсіпкерлік субъектісіне анықталған бұзушылықты жою тәртібін міндетті түсіндірумен Ұйғарым шығарылапды.

Техникалық регламенттермен қойылған талаптарға сәйкес емес өнімдердің іске асырылу деректері белгіленгенде, бұдан әрі ерекше тәртіп бойынша тексерістерді және жоспардан тыс тексерістерді жүргізу барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының лауазымдық тұлғалары «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сай белгіленген құзыреттілік шегінде халықтың, сондай-ақ кәсіпкерлік  және (немесе) басқа қызметте қолданылуы мен пайдаланылуына арналған өнімді қолдануға және (немесе) іске асыруға тыйым салады.

«Екібастұз қалалық қоғамдық

 денсаулық сақтау басқармасы» РММ

бас маманы                                                                А.К. Ильяшева