Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тамақтан уланулардың алдын алу

Тамақтан улану–ас қорыту жүйесінің бұзылуымен сипатталатын жіті ауру. Ағзаға азық-түліктермен бірге түрлі микроағзалардың, жиі – бактериялардың түсуіоның себебі бола алады. Улануды әдетте сақталу мерзімі жарамсыз, сапасыз немесе қажетті жағдайда сақталынбаған, немесе санитариялық нормалардың бұзушылығымен жасалған азық-түліктер тудырады. Сонымен қатар улануды білмегендіктен немесе байқаусыздан тағамға қолданылған улы саңырауқұлақтар мен өсімдіктер де тудырады.

Тамақтан уланудың белгілеріне – жоғары температура, тәбеттің болмауы, әлсіздік, үлкен дәреттің бұзылуы және іштің ауруы, іштің кебуі, жүректің айнушылық және құсу, суық тер, қысымның төмендеуі жатады. Күрделі жағдайларда немесе нейротоксикалық улардың ықпалынан мыналар: көздің көруі бұзылады, көзге қос көріну, бұлшықет тонусының бұзушылығы, естен тану туындайды.

Тамақтан уланулардың алдын алу

-         тағамды дайындағанда жеке бас тазалығы гигиенасын сақтау, азық-түліктерді дұрыс сақтау және қарапайым қырағылық таныту.

-         ет және балық азық-түліктерін жақсылап қуырған жөн;

-         көк басқан, бұзылған көкөністер мен жемістерді, тіпті кішкентай жері ғана шірісе де аямай одан құтылу керек, қампайған консервіленген банкаларды және шырын немесе сүт өнімдерінің пакеттерін қоқысқа лақтыру керек;

-         темір қақпақпен жабылған банка ерекше тарс етіліп ашылу керек, бұл оның геметикалық жабдықталғанын көрсетеді. Егер тарс етілген дыбыс болмаса, онда консервіні жемеу керек;

-         азық-түлікті сатып алғанда, оның өндіру мерзімі мен сақталу мерзімін, қаптаманың бүтінділігін міндетті түрде тексеру қажет;

-         тоңазытқышта тексерісті үнемі жүргізіп отыру керек.

Тамақтан уланудан өзін-өзі қорғауға арналған негізгі ережелер

- майонез құйылған дайын салаттарды сатып алмаңыздар, олар жылдам бұзылады;

- көкөністерді және жемістерді, ыдыстар мен асахана құралдарын, сонымен қатар қолды тамақ ішер алдында және тамақ дайындар алдында жақсылап жуу қажет;

- жұмыртқаны жарар алдында оны сабынмен жуу керек;

- ас бөлме орамалын, ыдыстарға арналған ысқышты жиі ауыстырып отыру керек, өйткені оларда аурутудырушы бактериалар жиналады;

- асты турайтын бірнеше тақтайшаларды ұстаған жөн, көкшөптер, көкөністер мен жемістер, ірімшік пен шұжықтар шикі ет пен балық туралған тақтайшада түралмау керек;

- тоңазытқыштың бір бөлігінде шикі ет пен балықты және дайын піскен азық-түліктерді сақтамау қажет;

- азықты керегінен артық дайындамаңыздар;

- қоғамдық тамақтану нүктелерін таңдағанда талғампаз болыңыз!

 

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының бас маманы                            С.З. Аслбекова