Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Туберкулездің алдын алу. Туберкулезге қарсы санаторлық мекемелерге балаларды оқшаулау.

Кішкентей кездегі балалар туберкулезді жұқпаны қабылдағыш болады, бұл жұқпалану туберкулез аурушаңдылығына жылдам жиі ауысады және бұл туберкулезді науқаспен тығыз қатынас жағдайында болады. Балалар туберкулезі жылдам прогрессивті аурушаңдылықпен және бас миы және ми қабықшасын қоса оның ағзаның басқа мүшелеріне таралуымен сипатталады. Адам ағзасының туберкулез жұқпасымен алғаш кездесуі әдетте балалық, немесе жасөспірімдік жасында болады. Бұл кездесудің (алғашқы жұқпаның) нәтижесі жұқпа мен ағза арасындағы күштің жағдайына байланысты әр түрлі болады. Жұқпаланған балаларды ерте анықтау – Манту сынамасымен анықталады.Туберкулезбен жұқпаланған балалардың уақтылы анықталуы және оларға химиялық алдын алуды жүргізу бала ағзасында туберкулезді жұқпаны берік басуды қамтамасыз етеді және аурудың дамуынан сақтандырады.

Туберкулезді жұқпа ошақтарынан балаларды шипажайлық мекемелерге оңашалау туберкулезді жұқпадан сақтануға бағытталған. Балалар шипажай мекемелері жағдайында өткізілген және бала ағзасының қорғаныш күшінің нығайтылуына және қосымша байланыстан сақталуына бағытталған алдын алу іс-шараларының тиімділігі белгіленген. Туберкулез ошақтарынан балаларды оңашалау және тубжұқпаланған балаларды сауықтыру үшін алты күндік тәулік бойы жататын 200 орынды санаторий үлгісіндегі «№3 Гнездышко бөбектер бақшасы» қызмет етеді. Сонымен бірге сауықтыру облыстың санаторийлік мекемелерінде: Павлодар қ. балалр туберкулезге қарсы санаторий, Бурабай шипажайында жүргізіледі. Балалар мектепке дейінгі шипажай мекемелерінде туберкулез жұқпасы ошақтарындағы балаларға араналған туберкулезге қарсы іс-шараларының алдын алу тиімділігі үшін олардың тәулік бойы болуы қарастырылады. Үй жағдайында дәрі-дәрмектердің қабылдануына бақылау жасау қиынға түскендіктен, балалар туберкулезге қарсы санаторийлер және мектепке дейінгі санаторийлік мекемелер виражды және гиперергиялық реакция берген балаларға бақыланатын химиялық алдын алу өткізу үшін максималды пайдаланылады. Санаторийлік мекемелерде алдын алу және сапалы тамақтанумен қатар, шынықтыру рәсімдері, баланың ұйқысы мен демалысын дұрыс ұйымдастыру, ерекшеленбеген жұқпаның созылмалы ошақтарының сауықтыруы енетін шипажай-тазалық іс-шараларының дифференциаланған кешені қолданылады. Байланыста болған баланың санаторийлік мекемелерде шипажай мекемелерінде болу ұзақтығы отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен және ересек науқастың туберкулез үрдісі жағдайымен анықталады. Санаторий мекемелерінде барлық алдын алу жұмыс жергілікті туберкулезге қарсы ұйымның фтизиатрларының және АМСК педиатрларының әдістемелік басшылығымен, ал педагогикалық (тәрбиелік) –халыққа білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің басшылығымен тікелей жүзеге асырылады.

 

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі  Қоғамдық

денсаулық сақтау комитеті Павлодар  облысы

 Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің

 Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық

сақтау басқармасы» РММ    бас маманы                         В.А. Игнатьева