Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Семіздік немен қауіпті?

Халық даналығы – «Ашқарақ өз тістерімен өзіне көр қазады», «Қорытылмаған тағам оны жеген адамды жейді», «Жақсы шайнасаң – тәтті жұтасың», «Кім асты көп шайнайды, сол ұзақ өмір сүреді».

Дұрыс тамақтанудың алтын ережелері – «тірі» суды ішіп, күніне 5-6 рет орынды тамақтанған жөн, асты жақсылап шайнап жұтқан дұрыс, ас мәзірі құрамы бойынша әр алуан және толыққанды – ақуыздар 15-20 %, майлар: 20-30 %, көміртегі 50-55%  болу керек.

Гиподинамия – өмір салтына тән ерекшелік ретінде көрінетін жеткіліксіз физикалық жүктеме. Адам денесі мол қорға ие. Күнделікті әрекетінде адамның абсолютті функционалдық мүмкіндіктенрінің 35% ғана қатысады. Жаттығу жасалмай іске қосылмаған функциялар бірте-бірте жансызданады, адам өмірдің өзгеретін шарттарынаикемделі мүмкіндігінен арылады. Физикалық жүктемелірдің үнемі болмауы себебінен  адам баласында 12-13 жастан бастап тыныс және жүрек-қан тамырлары жүйелері қартая бастайды. Қозғалыс –денсаулықты сақтау мен дамытуың аса маңызды және қажетті табиғи фактор.

Артық тамақтану мен гиподинамия –семіздікке әкелетін тәуекел факторы. Осыдан семіздік – адам денсаулығына тәуекел факторы, бұл ағзаның алдын ала қартаюы және қант диабеті, жүрек және қан тамырларының ауруы: күре тамырдың гипертензиясы және гиперлипидемия, диафрагма жарығы, инсульт және депрессиялық жағдай, ағзаның тершеңділігі, ұйықтағанда қорылдау, демікпе, бүйрек-тас ауруы, гипертониялық нефропатия, бауыр ауруы – цирроз, өт қабының аурулары, асқазан асты ісігі, тоқ ішектің ісігі, эндометрия, жатыр ісігі, простат ісігі, бедеулік, сан, тізе, табан буындарының остеоартрозы, тамырлардың түйнеліп кеңеюі, құяң және табандардың деформациясы, аяқтардың трофикалық жаралары сияқты түрлі аурулардың туындауы. Семіздікке шалдыққан адамдар салмағы орташа адамдардан гөрі 6-8 жылға аз өмір сүреді.

  


Бас маман                                                           А. Жармуканова