Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шавдирова Айнагуль Сарсенбаевна:Ұсыныс

Қайырлы күн қымбатты Қайрат Теміршотұлы. Мен Айнагүл Сәрсенбайқызы жергілікті телеарнаға арналған ұсыныстарым мен жобаларым бар еді. Негізгі мамандығым журналист, 10 жылдық тәжірбием бар. Сол жобаларды жүзеге асырып, телеарна жұмысын дамытқым келеді. Менің негізгі ұстанымым да "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберіндегі бағдарламаларды ашып, жаңалықтар қызметіне жаңа дем беру. Жергілікті телеарна қызметкерлерін тәжірбиелерін көтеріп, өзге телеарна қызметкерлерімен тәжірбие алмасу туралы ойларым бар. Назар аударғаныңыз үшін, мың да бір алғыс. Көп жазып, уақытыңызды алмайын. Қаланың дамуына сіздің жасап жатқан жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Сау болыңыз.

Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына келіп түскен, Сіздің өтінішіңізге, келесіні хабарлаймын.

«Қайнар» ҚБДО-да қалалық «Рухани Жаңғыру» жобалау офисі ашылды, оның отырыстарында осы атаулы бағдарламаны жетілдіру бойынша ұсыныстар мен жобалар қарастырылады.

Сол себепті, Сіз «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында өз жобаңызды жасап жоғарыда аталған офиске ұсынуыңызға болады.

Сонымен қатар, қаламызда «Екібастұз медиа» атты жоба іске асылуда. Оның аясында «Бір соғып 101 ұлттың жүректері», «Лица улиц» және тағы да басқа тележобалар қарастырылған.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес, Сіз қабылданған шешімге шағым беруіңізге болады.