Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бруцеллез және оның алдын алу

Бруцеллез адамдар мен жануарлардың аса күрделі сырқаттануы болып табылады.
Бруцеллезбен ауылшаруашылық және үй жануарларының барлық түрлері ауырады. Бірақ бруцеллездің таралуында негізгі рөлді ұсақ немесе ірі мүйізді мал атқарады.
Бруцеллезді қоздырушы малдың ағзасында өмір сүреді және көбейеді, сыртқы ортаға сүт, несеп, нәжі арқылы, сондай-ақ малды өсіріп, көбейткенде және түсік кезінде бөлінетін бөлінділер арқылы шығады.
Сыртқы ортада бруцеллалар (бруцеллезді қоздырушылар) тірі түрде ұзақ сақталу мүкін, жоғары температураға сезімтал, қайнатқан кезде бірнеше секундтан соң өледі.
Адам сырқаттанған жануарды күтіп ұстаған кезде сақтық шараларын орындамағанда, тағамға жұқпаланған сүтті, сүт және ет өнімдерін зарарсыздандырмай қолданғанда ауруды жұқтырады. Сондықтан абай болыңыздар, азық-түліктерді апатты нарықта сатып алмаңыздар, сатушыдан азық-түліктің сапасын растайтын сертификатты әрқашан талап ету керек.
Бруцеллезбен ауырған кезде науқас адамда дене қызуы көтеріледі, жалпы әлсіздік пайда болады, жылдам шаршайды, бас ауырады, терлейді, сырқаттанушыда бұлшық еттердің және буындардың ауырсыңуы байқалады, әсіресе, тізе және шынтақ буындары қабынуы көрініс табады.
Бруцеллезді жұқтыру тек сырқаттанған малдан болу мүмкін екендігін есепке ала отырып, науқас малдарды анықтау және жою, сыртқы ортадағы микробтарды жою керек, ауылшаруашылық өнімді қызулық өңдеуден өткізу қажет.
Ауылшаруашылық жануарлар иелеріне малдың, әсіресе сүт беретін малдың ветеринарлық және зертханалық тексерісіне немқұрайды қарамау керек.
Тамақтанған кезде сүт және сүт өнімдерін тек қыздырылып қайнатудан өткеннен соң ғана қолдану керек (600С температурада 30 минуттан соң, қайнағанда бірден өледі).

Екібастұз қалалық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасының
бөлім басшысы                                                           Б.Т. Бекпаева