Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Гаджеттер немен қауіпті?

Қазіргі заманда отбасыны түрлі гаджеттер: компьютерсіз, смартфонсыз, ноутбуктерсіз, планшетсіз көз алдымызға елестету қиынға соғатын сияқты. Осы және басқа да электрондық және цифрлік құрылғылар біздің өмірімізде тұрақты орын алды. Тіпті сәбидің кішкентай кезінен бастап осыларға қызығушылық танытуы да таңқалдырмайды. Дегенмен көптеген ата-ананы балалардың мұндай қызығушылық танытуы қауіпсіз бе екендігі толғандырады. 

Медициналық зерттеулер заманауи гаджеттердің оқушылардың нервтік-психикалық ауытқуларына, қимыл-тірек аппаратының және жүрек-қан тамырлары жүйесінің функционалдық өзгерістеріне итермелейтіндігін көрсетеді.

Қолданудың кемшіліктері:

1. Физикалық дамуы мен денсаулығына зиянды ықпалы. Осы гаджеттердің балаларға ықпал ету аспектісін толықтай қарастырған жөн. Егер бала планшет немесе ноутбук артық шектен артық қолданса, онда оның: көру жүйесіне зиян тиеді – егер бала монитор алдында жарты сағаттан астам отырса, оның көз жітілігінің өткірлігі алты айдан соң аса төмендейді, өйткені балалардың көзі үлкен жүктемені қабылдайды; сымбаты бұзылады – компьютерде отырған балалар аса көп бүкірейеді, бұл арқа омыртқасының қисаюына алып келеді, болашақта сымбаттылықтың көптеген қиянышылықтарын тудырады; бас миы зақымдалады -  дене күйінің бір қалыпты ұзақ тұруынан аяқта, ішкі мүшелерде қан айналымы бұзылу мүмкін, осыдан бас миы да зардап шегеді, бұл баланың ақылына зиянды ықпал етеді, назар аударушылық және еске сақтаушылық қабілеттерін төмендетеді.

2. Ақпаратты толық емес игеру. Иә, гаджеттер балалардың дамуына көмектеседі, бірақ балалардың жастайынан бастап қабылдаудың барлық каналдарын іске қосу керек. Балаға доптың дөңгелек және домалайтындығын түсіну үшін оның барлық жақтан қарап, ұстап, айналдырып көру керек. Дамытатын мультфильмдер әлемнің алуан түрлілігін  көрсете алмайды, сондықтан сәби затты толық танып шыға алмайды.

3. Шығармашылық белсенділіктің төмендеуі. Бірде бір компьютер, ноутбук, не болмаса планшет түрлі құралдармен жұмыс істеуден, өз қолымен бір нәрселерді жасаудан алатын қуанышты бере алмайды. Шындық өмірде сәби өз қолымен бір нәрселерді жасап, қиып, сурет салып, аппликациялармен жұмыс істеп, мүсіндеп өз фантазияларын іске асырады. Тіпті ең үздік кеңейтілген интерфейсті бағдарламаның өзі балалардың қиялын тудыра алмайды.

4. Виртуалды кеңістікке кету. Әрине, барлық бала шындық өмірін компьютерлік ойынмен және әлеуметтік желімен алмастырмайды. Дегенмен кейбір балалар гаджеттерге тіпті тәуелді болады, өзінің барлық қызығушылықтарын виртуалды өмірмен байланыстырады. Өз құрдастарымен қарым-қатынасы ғана емес, ата-анасымен қатынасы да, оқу жағдайы да нашарлайды. Оқушылар үшін гаджеттерді енгізуді және дамытуды тоқтату мүмкін емес кендігін мойындауымыз керек.  Бірақ оларды қолдануда қауіпсіздік ережелерін нақты білу керек және орындау керек. Егер оны мектеп белгілемесе, бұл тапсырманы ата-ананың өзі өзіне міндеттеу керек.

 

 

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының

 жетекші маманының м.а.                                          А. Кенесов