Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Көздің көруін сақтаңыздар!

Көз -адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін, қоршағанжағдайдыбізге түсіндіретін, ол туралы ақпарат беретін құрал. Көздің көруі адам денсаулығының маңызды көрсеткіштерінің бірі, сондықтан да қартайғанға дейін көз жітілігін сақтап, оған күтіммен қараған жөн. Көру жүйесінің бұзылуын біржақты мәселе деп қарамау керек, көру жүйесімен болған проблемалар басқа да адам ағзасының қолайсыз  өзгерістерін де көрсету мүмкін. Сіздерге көздеріңіздің көруін сақтап қалу үшін қарапайым кеңестерді ұсынамыз:

Егер сізде темекі тарту сияқты жаман әдет болса, онда ол тек өкпені ғана зақымдап қоймайды, сонымен қатар көру жүйесінің сапасына да ықпал етеді. Темекі тартудан көз іші қысымы артады, бұл түрді ауруларды тудырады. Статистика дәрумендерді қолданатын адамдар көз ауруларына аз шалдығатындығын көрсетеді. Қаражидек көздің жітілігін арттырады, көздің шаршауын азайтады және кейбір көз ауруларының болмауына көмектеседі. Қаражидекті мұздатып, жыл бойы жеуге болады. Бұл таблеткадағы қаражидектен гөрі орасан зор. Жасыл пияз, ақжелкен, аскөк, салат, балдыркөк және т.б. шөптер көздің көруіне аса пайдалы. Сонымен бірге өз ас мәзіріне қызылшаны және одан жасалған астарды қосқан дұрыс, оның құрамында көз жітілігін сақтайтын және жалпы ағзаға қажет мырыш және темір бар. Компьютермен жұмыс жасағанда мониторды көз деңгейінен төмен орналастырған жөн. Осылайша сіздің қабағыңыз сәл төмен қарайды, көздегі сұйықтықтың булануын төмендетеді және құрғақ көз синдромының даму мүмкіндігін азайтады. Шуақты күнде күн сәулесінен қорғайтын сапалы  көзілдірікті кию керек. Арзан көзілдірік сатып алып, өз денсаулығыңыз үшін үнемдемеңіз, олар көзді күннен қорғамайтындығы бір бөлек, сонымен қатар зиян да келтіреді.

Осы қарапайым кеңестерге назар аударсаңыз Сіз өз көзіңіздің көруінкөп жылдарға дейін сақтап қаласыз. Өйткені біздің көзіміз, жалпы денсаулығымыз, біздің оны күтіп-ұстауымызға байланысты әлемдегі ең маңызды байлық.

  

Екібастұз қалалық қоғамдық

 денсаулық сақтау басқармасының

жетекші маманы Р. Усенова