Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Таулы-қалың орманды жерлердегі іздестіру-құтқару жұмыстарын өткізу» тақырыбына оқу-жаттығу жиын семинары

ҚР ТЖМ Министрлік жоспары бойынша Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында 2013 жылдың 12 мен 18 тамыз аралығында ҚР құтқарушылар құрылымының құтқарушылар  жиын-семинар жаттығуы откізілді. 

       Жиын-семинарды ұйымдастырып, өткізу үшін Павлодар қ. және Екібастұз қ. жедел-құтқару отрядттары қатысты.

       Жиын-семинардың ең басты мақсаты, ол таулы-қалың орман жерлерде кинологтар тобын қолдана отырып іздестіру-құтқару жұмыстарын өткізуде дағдыларын мейлінше жетілдіру, жұмыстрады өткізу орнында және калонна бойынша радиобайланыс қызметінің тұрақтылығын машықтау.

       Оқу семинардың басты тапсырмасы  табиғи ортада іздестіру-құтқару жұмыстарын өткізу барысында  арнайы тапсырмаларды орындау кезінде әрекеттердің тәртібін жаттықтыру, сол аймақта спутниктік навигатордың көмегімен бағыт алу, алғашқы медициналық көмек крсету, қол астындағы құралдар мен штаттағы жабдықтарды пайдалана отырып зардап шеккендерді тасымалдау. Жиынға қатысу үшін Қазақста Республикасы құтқарушылар құрылымдарының құрамында кинологтар тобы бар 10 команда келді.

        Торайғыр көлінің жанында далалық қосын тігілді, өздерінің тұрмыс-тіршіліктерін қатысушылар өз күштерімен ұйымдастырды. ТЖМ  туын көтерумен қатысушы командалардың сап түзеуінен кейін, тез арада оқу-жаттығу кезеңі басталып кетті. Құтқарушылар өздерінің білімдерін және шеберліктерін көрсетті. Жиын-семинар жаттығудың соңында барлық қатысушыларға сертификаттар ұсынылды.

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚО» ММ басшысы                                  Б. Кабидолдин