Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Фортификация

Адамның аса зор байлығы – оның денсаулығы. Адам денсаулығы мемлекеттің күзетінде тұр. Денсаулық сақтау саласында заманауи маңызды проблемалардың ішінде бірінші орынды қаназдық алады. Түрлі басылымдардағы деректер бойынша дүниежүзінде 3 миллиардтан асқан адам темір тапшылықты қаназдыққа шалдыққан.

Анемия дегеніміз не?  Гемоглобин толық туу үшін ағзаға тағаммен бірге түсіп жатқан темір қажет. Темірдің жетіспеген жағдайда гемоглобин деңгейін төмендеуі бойынша, - дене жасушаларының  оттегі аз түседі - ал бұл дегеніміз теміртапшылықты анемиясы туындайды (ТТА). Темір тапшылық анемиясынын симптомдары - жалпы әлсіздік, , физикалық жүктеме  болмашы шаршағандық кезінде, бас ауыруы,  ерін, шырышты, терінін бозару, тәбеттің айрылуы, дәмі бұзылуы.тАнемияның ауыр түрінде бет-аяқ ісініп, жүрек соғысы жиілейді, демігу пайда болуы мүмкін. Топырақ, бор жеуге әуес балалар мен әйелдер әдетте анемия зардабын шегеді. Анемияның аса теріс зардаптарын үш жасқа дейінгі балалар және жүкті, сонымен қатар бала емізетін әйелдер қиын кешеді.  Балалар болса жиі ауырады, физикалық, ойлау жағынан өз құрдастарынан артта қалады, жылдам шаршайды, нашар оқиды, ал жүкті әйелдер әлсіз, салмағы төмен  балаларды, туа біткен кемістікпен туады.      

Анемияның алдын алу негізгі үш тәсілі бар:

1. Фармокологиялық;

2. Тиімді тамақтану,

3. Фортификациялау (байыту) азық негізі қоспаларымен темір және витамин кешені.

Темір тапшылықты анемияның ең қарапайым, қымбат емес және қол жетімді әдісі болып үшінші тәсіл – фортификациялау саналады.

Бидай ұны Фортификациялау үшін кездейсоқ таңдап алынған жоқ.

1. Ұн, нан өнімдері халықтың барлық топтарына қолжетімді;

2. Аз қамсыздандырылған топтар қолданады;

3. Байыту үрдісі дәмін, иісін, ұнның түсін, пәсіру сапасын өзгертпейді;

4. Бидай бастыру кезінде ұнды фортификациялау бағалап жоғалту кезінде орнын толтырады, сондықтан мұндай ұн тұтыну үшін кедергі жоқ. Фортификацияланған ұнды тұтыну қауіпсіз болып табылады.:

5. Ұн ең қарапайым, арзан және қол жетімді витаминдер және темір  көзі болып табылады.  

Тамақ өнімдерінің мынадай түрлері байытылуы мүмкін:

      1) бірінші және жоғары сортты ұн;

      2) нан пісіруге арналған ашытқы, нан, нан-тоқаш өнімдері мен ұннан жасалған кондитерлік өнімдер;

      3) сүт және қышқыл-сүт өнімдері;

      4) май өнімдері;

      5) сыйымдылыққа құйылған ауыз су;

      6) алкогольсіз сусындар.

Тамақ өнімдерін байыту үшін мыналар пайдаланылады:

      1) витаминдер;

      2) поливитаминдер мен витаминді премикстер;

      3) су- және май ерітетін R-каротин және басқа да каротиноид препараттары;

      4) минералды заттар мен металдар;

      5) Тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) үшін бекітілген оны қолдану жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттамасы бар болғанда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өткен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен осы мақсаттар үшін қолдануға келісілген көп функциялы өсімдік қоспалары.

 Тамақ өнімдерін байыту байытылатын өнімдердің тұтынушылық қасиеттерін нашарлатпауға, олардағы басқа да тағамдық заттардың құрамы мен сіңімділігін азайтпауға, өнімдердің дәмін, хош иісін, жаңалығын елеулі өзгертпеуге, олардың сақталу немесе жарамдылық мерзімін қысқартпауға тиіс.

Өндіруші кепілдік беретін байытылған тамақ өніміндегі витаминдер мен минералды заттардың болуы байытылған өнімді тұтынудың әдеттегі деңгейінде осы микронутриенттерге тәуліктік қажеттіліктің кемінде 10 %-ын қанағаттандыру үшін жеткілікті болуы тиіс және ұсынылып отырған тәуліктік қажеттіліктің 30 %-ынан аспауға тиіс.

Байытылған тамақ өнімдерін орау онда микронутриенттердің кепілдік берілген мөлшерінің болуын, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Жарыққа сезімтал препараттардан тұратын тамақ өнімдері үшін орамы қараңғыланған болуы тиіс.

Фортификациялау нормативтік-құқықтық базамен белгіленген.

1. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексі, 160-бап. «Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы»

2. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 301 Заңы. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді. 14-бап. Байытылуға (фортификациялануға) тиісті тамақ өнімдеріне қойылатын талаптар

3.  «Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн жоғары және бiрiншi сортты бидай ұнын мiндеттi түрде фортификациялау (байыту) ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 шілдедегі N 708 Қаулысы

 

 

Екібастұз қалалық қоғамдық

 денсаулық сақтау басқармасының

 бас маманы                                                                      А.Қ. Жармұқанова