Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Түсіпбаева Раушан Қонақбайқызы: Көршінің тәртібі жөнінде

Құрметті Қайрат Теміршотұлы! Біз тұратын Әуезов көшесі, 157-үйдің 46-пәтерінде Л.В. атты орыс жігіті тұрады. Ол жігіт осыдан екі-үш жыл бұрын ашық туберкулезбен ауырған еді. Кейін емделді. Қазір ол жігіттің жағдайы қалай екен? Флюорографиялық тексерістен өтіп жүр ме - соны білгіміз келеді. Өйткені үйімізде кішкентай балалар бар, солардың денсаулығы үшін алаңдамауға болмайды. Екінші мәселе, егер ол жігіт жұмыс істей ме, жоқ па? Оны сұрайтын себебім, біз подъезд жөндеуге, басқа да қажеттіліктерге ақша жинағанда, бұл жігітпен қиындық туындап қалады. Үшіншіден, полиция қызметкерлерінің араласуымен бұл жігіт түн тыныштығын бұзуын қойған еді. Өкінішке қарай, қайтадан бірге тұратын М. атты әйел екеуі түні бойы арақ ішіп, айғайласып, былапыт сөздер айтып мазамызды алады. Олардың дауыстары балаларға анық естіліп тұрады. Бір профилактикалық шара жүргізетін уақыт болған сияқты. Сізден сұрайтыным, осы жайттарды қолға алып, подъезд жөндеуге ортақ қаражат жиналған уақытта оның да қосылуы қажеттігін сөз арасында ақыл-кеңес түрінде болса да жеткізулеріңізді сұраймын. Және флюорографиясын міндетті түрде тексеруді өтінемін.

Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына жазған өтінішіңізге келесіні хабарлаймын.

Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансердің Екібастұз туберкулезге қарсы бөлімшесі бас дәрігерінің орынбасарының ақпараты бойынша В.Н. Лопунов Екібастұз туберкулезге қарсы бөлімшесінде 2014 жылдың тамыз айынан бастап диспансерлік есепте тұр. Емделуші емдеудің толық курсынан өтті және емдеуді 2016 жылдың 30 наурызында аяқтады. Рентгенологиялық тексеру негізінде, қақырық анализі нәтижесі, жалпы клиникалық анализді қарап, 2016 жылдың 1 сәуірдегі ОДКК шешімімен мынадай диагноз қойылды: өкпе туберкулезі клиникалық жазылған. Барлық бақылау тексерулерін емделуші тұрғылықты мекенжайы бойынша Екібастұз қаласының №2 емханасында өтті. Туберкулез белсенділігі туралы көрсеткіш анықталмады. Осының негізінде В.Н. Лопунов туберкулезді жұқтырушы не таратушы болып есептелмейді. 2018 жылдың сәуір айында жоспарлы тексеруден өтеді.