Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Жемістер мен көкөністерден жасалған шырын өнімінің қауіпсіздігі туралы»

Қазақстан Республикасы аумағында, сонымен қатар импорттық жемістен және (немесе) көкөністен жасалған шырын өніміне қауіпсіздігі бойынша қойылатын міндетті талаптар Кеден Одағының 2010 жылғы 18 қарашадағы «Жемістер мен көкөністерден жасалған шырын өніміне  қойылатын техникалық регламент» КО ТР 023/2011 техникалық регламентімен белгіленеді және реттеледі.

Шырын - ашымаған, бірақ ашуға бейім, сапалы піскен, жаңа піскен немесе таза сақталған жемістер мен көкөністердің жеуге жарамды бөлігінен физикалық әсер ету жолымен алынған, онда физикалық алу тәсілінің ерекшеліктеріне сәйкес тамақ құндылығы, физикалық-химиялық және органолептикалық, аты бірдей жемістер мен көкөністерге тән қасиеттері сақталған, тамаққа тікелей тұтынуға, сондай-ақ тамақ азық-түлігінің құрамдас бөлігі ретінде қолдануға арналған сұйық өнім.

Тікелей сығылған шырын - жемістерден немесе көкөністерден сығу, механикалық өңдеу немесе езу арқылы алынған шырын;

Жаңа сығылған шырын - пайдаланар алдында тұтынушылардың көзінше консервілеуге ұшырамай тікелей жемістерден және/немесе көкөністерден алынған шырын.

Қалпына келтірілген шырын- қойылтылған шырын немесе қойылтылған шырын мен тікелей сығылған шырыннан және ауызсудан дайындалған шырын.

Қойылтылған шырын – тікелей сығылған шырыннан құрамындағы судың физикалық әсер ету жолымен жою арқылы дайындалған шырын.

Жемісті және (немесе) көкөністі шірне - ашымаған, бірақ ашуға бейім, жеміс және/немесе көкөніс шырынын (шырындарын) немесе қойылтылған шырынды (шырындарды) және/немесе жеміс және/немесе көкөніс пюресін немесе қойылтылған пюрені қант неменсе бал қосу арқылы ауыз сумен араластыру жолымен дайындалған сұйық өнім. Шірнеде шырынның ең аз мөлшері 25-50% аз болмау керек.

Құрамында жемісті және (немесе) көкөністішырын бар сусын - тағамдық қоспалар, ингредиенттер және хош иістендіргіштер қосылған немесе қосылмаған жеміс және/немесе көкөніс шырынының немесе шырындардың және/немесе пюренің үлесі кемінде 10 %-дан кем болмайтын, физикалық тәсілдермен консервіленген тамаққа тікелей тұтынуға арналған сусын. Лимон немесе лайм шырындарынан жасалған құрамында шырыны бар сусындарда шырынның ең аз үлесі 5%-ды құрайды;

Морс - қант(тар) қосылған, жидек шырыны мен пюренің үлес салмағы кемінде 15% болатын басқа да тағам ингредиенттері қосылған немесе қосылмаған осы жидектерден алынған сығындыны ыстық ауыз су экстракциясы өнімімен кейіннен араластыра отырып, тікелей сығылған шырынды немесе пюрені механикалық алып тастау жолымен жаңа піскен немесе мұздатылған жидектен алынған, иондық сәулемен өңдеуден басқа физикалық тәсілдермен консервіленген, тағамға тікелей тұтынуға арналған сұйық өнім.

Гомогендірілген азық-түліктер–бұл сақтау мерзімін ұлғайтатын арнайы термоөңдеуден өткен ұсақ бөлшектелген азық-түліктер. Мұндай азық-түліктер балалық мен диеталық тамақтануда пайдаланылады. Олар ас қорыту жүйесіне кері ықпал етпейді және жақсы қорытылады.

Шырын өнімінің орамасында мынадай ақпарат болу қажет:

1. Техникалық регламенттің атауы.

2. Тауардың сәйкестігін міндетті растауын куәландыратын нарықта қолданылатын таңбасы (сертификация, декларациялау).

3. Мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің деректері (мемлекеттік тіркелу түрінде сәйкестікке бағалануға жататын балалардың тамақтануына арналған шырын өнімі және жаңа шырын өнімі үшін).

4. Тауардың негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы мәліметтер, оның ішінде:

Оның құрамы туралы мәліметтер: шырын өнімін әзірлеу барысында қолданылған тағам қосындыларының, биологиялық белсенді қосындылардың атауы, шырын өнімінде ГМА (генді-модификацияланған ағзалар) арқылы алынған құрамдастардың болуы туралы ақпарат (егер осы ағзалардың мөлшері 0,9 %-дан асқан жағдайда), тағам құндылығы (құнарлығы, ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, макро-және микроэлементтер), шырын өнімінің сақтау шарттары,  шырын өнімінің өндірілген мерзімі, орны, арнайы аурулар кезінде қолдану үшін қарсы көрсетілімдер туралы ақпараттар.

1. Сақтау мерзімі – тағайындалуы бойынша қолдануға жарамсыз болып табылатын кезең, сондай-ақ көрсетілген мерзімі өткен соң тұтынушының іс-әрекеттері туралы және осы іс-әрекеттерді орындамаған жағдайда болу мүмкін  зардаптары туралы мәліметтер.

2. Мекенжайы (орналасқан жері), фирмалық атауы, уәкілетті ұйымның немесе уәкілетті жеке кәсіпкердің,  өндірушінің (сатушының), импорттаушының атауы.

Сатып алушы тиісті сападағы қауіпсіз тауарды сатып алуға құқылы, өндіруші тауардың дұрыс таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін тауар туралы қажетті және анық ақпаратты беру міндетті. Шырын өнімі шырындар, жемісті және көкөністі шірнелер, құрамында жемісті және (немесе) көкөністі шырын бар сусындар, морстар түрлеріне бөлінетіндігін біліп жүрейік! 

 

 

Бас маман                                                                Жармуканова А.К.