Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2013 ж. 14.08. – 2013 ж. 20.08. уақыт аралығында «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. жедел құтқару отряды» ММ күшімен жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстары

1. 11 сағат 48 минутта 5 және 6 жасар балаларының  пәтер есігін дәретхана   ішінде жабылып қалғандықтан, аша алмай тұрғандары туралы азаматшадан хабар келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп пәтер есігін, сосын дәретхана есігін арнайы құралдармен ашты.

2. 12 сағат 17 минутта азаматшадан балконда аралардың пайда болғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына келген құтқарушылар араның ұясын тапты. Құтқарушылар  арнайы киімдерді киіп ара ұясын жойды.

3. 19 сағат 10 минутта қария кісінің жуынатын бөлмеде құлап қалып, өздігінен тұра алмай жатқандығы туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына келген құтқарушылар қария кісіні орнынан тұрғызып, жарақат алмағандығына көздерін жеткізді.

4. 23 сағат 30 минутта  газ иісінің шығып тұрғандығы туралы ер адамнан хабар келіп түсті. Оқиға орнына келген құтқарушылар ақауы бар газ балонын тапуып, сыртқа шығарды.

5. 21 сағат 35 минутта көрші пәтерден күйіктің иісі шығып тұрғандығы туралы азаматшадан хабар келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп пәтер есігін арнайы құралдармен ашып кірді, ас үйдеге пеш үстінде тамақ күйіп кеткен екен және үй иесі қатты ұйықтап жатты.

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ТЖБ  жедел құтқару отряды» ММ қызметкерлерінің заңға қайшы келетін іс-әрекеттері туралы мына байланыс телефондары арқылы хабарлай аласыздар:      

    22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82