Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда базалық зейнетақы қалай есептелетін болады?

Бүгінде базалық зейнетақы зейнеткерлікке шыққан әрбір азаматқа еңбек өтілі мен айлық табысы және зейнетақы жинағының көлеміне қарамастан өмір бойына бірдей мөлшерде тағайындалып келеді. Оның мөлшері қазір 15 274 теңгені құрайды (ең төмен күнкөріс деңгейінен сәл жоғары) және ол жыл сайын өсіп отырады.

Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап оның мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан бастап 100 пайызына дейін артатын болады.

Жаңа әдістеме бойынша 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі жылдардағы еңбек өтілі толығымен ескеріледі.

Егер зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі жоқ немесе 10 жылға дейін болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі 2 пайызға ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды. Оның көлемі биыл - 28 284 теңге.

Мысалы, 2017 жылы базалық зейнетақының мөлшері 14 466 теңге болды. Ал  2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 15 274 теңгені құрады (базалық зейнетақы 6 пайызға өсті). Енді 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап ол, еңбек өтілі 33 жыл және одан көп болған жағдайда 28 284 теңгеге дейін ұлғаяды.  

Базалық зейнетақы зейнеткерлік жасқа толған барлық азаматтар үшін қайта есептеледі. Ал зейнетақы алып жүрген азаматтар үшін базалық зейнетақыны қайта есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл үшін қосымша құжаттар ұсынудың қажеті жоқ. Жарналардың төленуі жайында барлық деректер бірыңғай ақпараттық жүйеде бар.   

2018 жылдың 1 шілдесінен кейін зейнетке шығатын азаматтар ғана 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі туралы мәліметтер ұсынулары тиіс.