Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 54/1 қаулысы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 09 ақпанда № 5850 болып тіркелген

Екібастұз қаласы әкімдігінің

кейбір қаулыларының күші

жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Екібастұз қаласының әкімі    К. Нукенов

 

Екібастұз қаласы әкімдігінің

2018 жылғы «23» қаңтардағы

№ 54/1 қаулысына

қосымша

 

 

Екібастұз қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының

тізбесі

 

1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 255/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4417 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірде «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланды);

2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 374/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4469 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 мамырда «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланды);

3. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 417/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4463 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 мамырда «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланды);

4. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 547/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4531 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 25 маусымда «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланды);

5. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 581/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4549 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланды);

6. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 05 маусымдағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы № 639/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдеде «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланды);

7. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 860/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4670 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 тамызда «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланды);

8. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 884/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4679 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 10 қыркүйекте «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланды);

9. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 886/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4680 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 10 қыркүйекте «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланды);

10. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 04 қыркүйектегі «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы № 1054/9 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4743 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қазанда «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланды);

11. Екібастұз қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 30 қазандағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 1325/11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4784 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 қарашадағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 19 қарашада «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланды).