Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың Қоянды ауылына баруы

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Қоянды ауылына барды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ құрамынан басқа, Екібастұз қаласы әкімі аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің мамандары Т.Т. Даирова, А.Т. Аманжолов және «ЕНПФ» зейнетақы қорының өкілі Г.М. Омарова барды.

         Кездесу Қоянды ауылының тұрғындарымен және № 14 ЖОБМ ұжымымен өткізілді.    

  Кездесу барысында азаматтарды қабылдау іске асты, көкейлеріндегі сауалдарға консультациялық көмек берілді, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің мамандары мемлекеттік қызметті «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алу жөнінде оқыту семинарларын өткізді.